Алматыда корей мәдениетінің күндері өтеді

Алматыда корей мәдениетінің күндері өтеді

Алматыда тамыз айында жыл сайын «Корея мәдениетінің күндері» өтеді. Кәріс ұлттық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап өткізетін «Корея мәдениеті күндерінің мақсаты»  ұлтаралық келісім мен бірлікті күшейту болып табылады. Жыл сайын мерекеге жиылған жұрттың қарасы көп болады. Қонақтар кәріс дәстүрлері, салттарымен танысып, халықтық өнерді тамашалайды.

Мәдени шараға қала әкімшілігі, ҚР Парламент Мәжілісінің, Алматыдағы Корея Республикасы елшілігінің өкілдері секілді әр саланың өкәлдері қатысады. Алматы тұрғындарының назарына музыкалық комедия театрының шығармашылық әртістері, корей орталығы шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады. Келушілер бұл күні кәрістердің ұлттық тағамдарын жасауды үйреніп, ұлттық ойындарын ойнайды.

Бір кездері тағдыр тәлкегімен Қазақстанға мәжбүрлеп жер аударылған кәріс ұлты бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасында барша ұлт пен ұлыс өкілдерімен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Айта кетейік, қазір Қазақстанда 100 мыңнан аса, Алматыда 25 мыңға жуық кәріс ұлтының азаматтары өмір сүруде. 

Алматы қаласында Кәріс ұлттық мәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықта корей тілі үйретілумен қатар, ұлттық мәдениеттің қыр-сыры қайта жаңғыртылып, ол кейінгі толқын жастарға үлгі ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл мекеме еліміздегі еңселі ұлттық мәдени орталықтардың бірі болғандықтан, күллі Қазақстандағы барлық кәрістер үшін есігін айқара ашып қарсы алады. Өйткені, осындағы жексенбілік мектепте ұзақ жылдардан бері корей тілі оқытылады. Сонымен қатар, орталық жанынан ақсақалдар қауымынан құрылған кеңесші құрам да өздерінің білген-түйгендерін жастардың құлағына құйып отырады екен.

Еркенұр Ерзия


 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста