Алматыда «Коре Сарам» басқа ұлт өкілдерімен біте қайнасып өмір сүруде

Бір кездері тағдыр тәлкегімен Қазақстанға мәжбүрлеп жер аударылған кәріс ұлты бүгінде тәуелсіз Қазақстан Республикасында барша ұлт пен ұлыс өкілдерімен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Өздерін «Коре Сарам» деп атайтын қазақстандық кәрістер республикада тұратын диаспора өкілдерінің саны бойынша украндықтар, татарлар, немістер мен өзбектерді баса озып, үшінші орынға тұрақтаған. Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын қазақ даласына Ресей арқылы көшіп келген Қазақстандағы кәрістердің бүгінгі таңда саны 100 мыңнан асады. Ал Алматы қаласындағы кәрістер қала халқының 1,9 пайызын құрайды екен. Біздің елге депортацияланған өзге ұлты өкілдерін құшағы кең, көңілі мәрт қазақ халқы жатсынбады. Міне, содан бергі уақытта кәрістер бейбітшілік заманда, мамыражай тіршілік етіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының белді мүшесі корей халқы туралы танымдық материал ұсынамыз.

Қазақстанның Тәуелсіздігімен бірге экономикалық дербестік, ұлттық мәдени орталықтар дүниеге келді. Соның бірі - 1990 жылы ашылған Корей мә­дени орталығы. Елдегі ең ірі жоғарғы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде шығыстану, оның ішінде ко­рей­тану факультеті жақсы жұмыс істей бас­тады. Оның дәріс беру жүйесіне шетелден (Сеулден, т.б. қалалардан) жоғары дәрежелі маман оқытушылар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, тіл мамандары ша-қырылып отырды, өздері сынақ алды. Бұ-рынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық мемлекеттерден кәріс жеткіншектерін Сеул, т.б. қалалардағы оқу орындарына ұйымдасқан түрде апарып, олардағы білім деңгейімен таныстыру, қазіргі кезде жүйелі түрде жүргізілуде.

«Қазақстанда ғасырлар бойы түрлі этнос­тардың тұруы айрықша қазақстандық мен­та­литетті қалыптастырды. Оған көңіл-күй­­­дің шығандаушылығы мен этностық оқ­шау­ланушылық жат. Азаматтық бірлесуге, ха­лықтық дәстүрлер мен құндылықтарды бі­рік­тіруге деген құлшыныс басым.

Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан алуандылығында. Бұл қазақ­стандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі».

Бүгінде өзінің отанына айналып отырған Қазақстанды көркейтуге кәрістер де басқа ұлт өкілдері секілді ат салысуда. Нарықтық эко­номика олардың еңбегінің жемісін көрсетуде. Еңбек етсе, қаржыға да, балаларының білім алуына да жол ашылатынын көріп, біліп отыр.

Кезінде шетел түгілі көрші ауданға баруға рұқсат ала алмайтын жер аударылғандар, бү­гінде әлемнің қай түкпіріне барам десе де, оқи­мын десе де жолы ашық.

Ал тікелей Қазақстанға келетін болсақ, бүгінде кәріс ұлтының өкілдері еңбек етіп, қызмет істемейтін бір де бір шаруашылық саласы жоқ деуге болады. Ғылым-білім ордаларында бол­сын, бизнесте, саясатта болсын, үлкен компания­лар­да болсын, банк жүйесінде, спортта, мәде­­ниет­те, теле-радиода, БАҚ-та, қысқасы, қоғам өмі­рінің барлық салаларында кәріс азаматтары мен азаматшалары өнікті еңбек етуде. Парламент­тен бастап аталған барлық саладағы кәрістер­дің нақты аты-жөнін түгендеуге талай парақ ке­тері анық. Бұлардың бәрінің тағдыры Қазақстан­ның саяси-экономикалық дамуымен тығыз байланысты. 
Бүгінгі таңда Алматы қаласында Кәріс ұлттық мәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықта корей тілі үйретілумен қатар, ұлттық мәдениеттің қыр-сыры қайта жаңғыртылып, ол кейінгі толқын жастарға үлгі ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл мекеме еліміздегі еңселі ұлттық мәдени орталықтардың бірі болғандықтан, күллі Қазақстандағы барлық кәрістер үшін есігін айқара ашып қарсы алады. Өйткені, осындағы жексенбілік мектепте ұзақ жылдардан бері корей тілі оқытылады. Сонымен қатар, орталық жанынан ақсақалдар қауымынан құрылған кеңесші құрам да өздерінің білген-түйгендерін жастардың құлағына құйып отырады екен
Осы орталықтың жанындағы тағы бір ерекшелік – ол Қазақстан кәрістері қоғамының арнайы ғылыми-техникалық орталығының жұмыс істеуі дер едік. Бүгінде құрамында 600-ге жақын мүшесі бар орталықтың мақсат-міндеті – ғылым-білім саласында жүрген жандарға мейлінше қолдау білдіріп, осы саладағы жастарға дұрыс жол көрсетіп, жөн сілтеу болып табылады.
Сондай-ақ, осы орталықтың демеуімен елімізде 17 жылдан бері «Пидангиль» кәріс ұлттық хор ансамблі де өнер көрсетіп келе жатқанын көпшілік білсе керек. Алғашқыда 5-6 жаннан ғана құралған әншілер тобының саны бүгінде 20-ның үстіне жеткен. Түрлі жас ерекшелігіне қарамай топтың мүшелері мейлінше кәріс ұлтының көне әндері мен жыр-дастандарын айтып, кеңінен насихаттап келеді.
Кәрістердің ұлттық-салт дәстүрлерінде үлкенге құрмет көрсету басты парыздардың бірі ретінде мойындалған. Айталық, үлкенің алдына келген кәріс ұлтының өкілдері иіліп құрмет көрсеткенде оң қолын сол қолының үстіне қойса, ер азаматтары керісінше, сол қолын оң қолынң үстіне қояды.
Кәрістердің ұлттық тағамдары да қызық, ерекше. Олар ащы мен тәттіні араластыру арқылы түрлі дәмді тағамдар әзірлеуді көне замандардан бері сақтап келеді. Атап айтқанда, кәріс асүйі әлемге кимчи тағамымен белгілі. Кимчи дегеніміз ұнтақтағы не тұтас чили бұрышы пайдаланылатын, көкеністермен көмкерілетін ерекше тағам түрі. Кәрістер дастарханда пульгоги, самгёпсаль, кальбиді көрсе, тәбеттерінің бірден ашылатындығын айтады. Сонымен қатар, мейрамханаларында дастарханның ортасына ет, ал айналысына гарнирдің түр түрі қойылады. Гарнир ретінде кәрістер банчхан, пибимбап, нэнмён тағамдарын сүйсініп жейді. Мұндай тағамдар олардың ұлттық ерекшеліктері болып табылады.
Кәріс ұлтының ерекше қанға сіңген қасиеті - ортаға бейімделгіштігі мен жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі. Ортаазиаттық пен орыс мәдениет ықпалымен кәрістер сауда-саттыққа бел шеше кірісіп, онда да толағай жетістікке жете білді. Кәрістердің космополиттілігіне өмірден көзімізбен көріп жүрген кәріс-орыс, кәріс-қазақ, тіпті кәріс-курд отбасылары бұлжытпас дәлел.
 

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста