Алматы – Қазақстанның ірі қаласы. Еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан қала Іл Алатауының бауырайында орналасқан. Алматыдағы халық саны 1,7 миллион. Қала бұрынғыдай астана болмаса да, ол Орталық Азиядағы қаржылық, мәдени, экономикалық нысан болып саналады. Халық тығыз орналасқан Алматыда бір атаның баласындай тату өмір сүріп жатыр. Төменде біз елімізде жүргізілген санақ қорытындыларына шолу жасау арқылы Алматы халқының құрамы қалай өзгергенін анықтадық.
Мың жылдан астам тарихы бар қаланың ежелгі атауы да Алматы болған деседі. Алайда оны XIV ғасырда Темір ханның әскері толықтай талқандаған. Ол кезде халық саны 470 адам болған көрінеді.
1859 жылы Алматы халқы 5 мыңға жеткен. 1921 жылға дейін қала Верный деп аталды. 1867 жылы бұл елді-мекенге қала мәртебесі берілген. 1879 жылы Алматы қаласының халқы 18,423 адамды құрады. Келесі 30 жылда халық саны көбейе түсті. Екінші дүниежүзі соғысына дейін Алматыдағы халық саны 200 мыңнан асты. Келесі 20 жылда халық саны екі еселенді. 1929-1997 жылдар аралығында Алматы Қазақстанның астанасы болды. Бұл да қаладағы халық санының өсуіне себеп болды. 1970 жылы қалада 665 адам тұрды. 1980-інші жылдардың басында Алматыдағы халық саны миллионнан асып жығылды. 1989 жылы қалада халық саны 1 071 900 адам болса, 1999 жылы 1,129 миллионға жетті. 2009 жылы Алматыда 1 361 877 адам ресми тіркелді. 2014 жылы қала халқының саны 1,5 миллионнан асты.
Алматы қаласы көпұлттылығымен ерекшеленеді. XX ғасырдыкң ортасына дейін мұндағы орыс ұлты қала қалқының 70 пайызын құраған. Тек 2000 жылдардың басында ғана қазақтардың саны артты. Қазіргі кезде орыс ұлты қала халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Соңғы санақ 2010 жылы жүргізілген. Санақтың көрсеткіші бойынша қала халқының 51,06% қазақ, 33,02% - орыс, 5,73% - ұйғыр, 1,9% - кәріс, 1,82% - татар, 1,24% - украин. Қалған этникалық топтардың үлесі 1 пайыздан аспайды. Олардың ішінде, әзірбайжан, неміс, дүнген, қырғыз, түріктер, ингуштер, беларустар, армяндар, шешендер бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін қаладағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1989 жылғы санақта қаладағы қазақтардың үлесі небәрі 23,8% ғана болса, қазір қазақтардың саны әлдеқайда артты. Жылдан жылға халық саны өсе түсуде. Дегенмен Алматыда тұратын түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта өмір сүріп келеді. Түрлі ұлт өкілдері өз Отаны, өз үйі санайтын Алматыда өзге ұлт өкілдері мен этникалық топтарының мәдени орталықтары, театрлары орналасқан.