Алматы қаласы Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау бойынша жиын өтті.
Жиын модераторы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы болды.
Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Ниязова Нурия Исмагиловна, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, этномәдени бірлестіктердің активі мен төрағалары, Алматы қаласы ЭМБ жанындағы Аналар кеңестерінің төрайымылары және басқалары қатысты.
Шара мәселесі бойынша Ниязова Нурия Исмагиловна сөз сөйледі. Сонымен бірге, Нурия Исмагиловна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында тоқталды. Өз сөзінде ол Президент Жолдауы жаңа өзгеріп тұрған әлемде белгіленген жол бойынша навигациялық және адаптациялық сәтті іс-қимылдар үшін вектор болып табылатындығын және мемлекеттің әр азаматы барлық бағыттарда, әсіресе қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі бойынша, дамуы керек екендігін атап айтты.Кейін, қатысушылар Алматы қаласы ЭМБ жанындағы Аналар кеңестерінің жұмыс жоспарларын қарап шықты, 2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша баяндамаларын ұсынды және ағымдағы жылда орындалатын жұмыстарды талқылады.
Жиын нәтижесінде Алматы қаласы ЭМБ жанындағы Аналар кеңестерінің жұмыс жоспарлары бекітілді және Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасарлары тағайындалды. Олар Алматы қаласы мәслихат депутаты – Аманкелді Сабина Бақытғалиқызы және Түрік этномәдени бірлестігінің жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Хусейнова Зульфия Шахмуратовна.
Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің жиыны өтті
Читайте также
Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерін қолдау мен ынтмақтастық мәселелері сөз болды
Алматыдан соғысқа аттанған жауынгердің сүйегі 74 жылдан кейін Алматыға жеткізілді
Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық жоғары оқу орындары әріптестік байланыстарын нығайтуда
Ел бірлігі - халықтар достығында
Дүнген ұйғыр орталығының «Көктемнің шабыты» концерті өтті
«Біздер – қазақтар қызық халықпыз ғой өзі»
Последние статьи автора