Алмалы ауданында Чернобыль АЭС апатты зардабын жоюшыларға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті

Аламаты қаласының Алмалы ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақта Чернобыль АЭС-да орын алған апаттың 32 жылдығына орай гүл қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Чернобыль және жергілікті қақтығыстар одағының төрағасы Рахым-қажы Абдыкаримов, Ресей Федерациясы Алматы қалалық Консулдығының консулы Ирина Переверзева, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының өкілдері және Алмалы ауданы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Гүл қою рәсімінен кейін апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтардың құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды. Чернобыль АЭС-тегі апат 1986 жылдың 26 сәуірінде орын алды. Апаттың салдарын жоюға жалпы 600 мыңнан астам адам қатысты. Оның 23 мыңы қазақстандық болса, 5 мыңға жуығы Алматы қаласынан барды.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Рахым-қажы Абдыкаримов ерлік көрсеткен азаматтарды әрдайым есте сақтау керектігін айтып, жастарды өз отанын, елін сүюге шақырды.

Атом электр станциясындағы апат әлемдегі атом энергетика саласындағы ең ірісі болды. Ол Украина және Беларусь елдерінің территориясындағы отыз шықырымдық жерді жарамсыз жасап тастады.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста