Еңбек ресурсының қайнар көзі – техникалық кәсіп

Қазақстан үшін ең қажетті мамандар - техникалық кәсіп иелері. Мамандардың айтуынша, кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру жоғары оқу орындарына тәжірибелі, өзінің болашақ мамандығынан хабары бар талапкерлерді қабылдауға көмектеседі. Кез келген елдегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі орта тап екендігі белгілі. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту өнеркәсіппен қатар, аграрлық, медицина, құрылыс, қызмет көрсету секторларының өрге басуына ықпал етеді. Тенхникалық кәсәптің әлеуетін көтеру мақсатында еліміздегі «Өмірлік таңдау — «Самұрық-Қазына» АҚ — «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының 5 өңірінде жұмысшы мамандықтарды дәріптеу жобасы жүзеге асырылуда. Осы бағытта елімізде тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылып тұрады.. Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырып отыр.

Таяуда Астанада өткен форумда осы жобаның нәтижелері сараланды. Аталған жиында «Жобаның үздік тренері» байқауының үздіктері, елордалық мектептердің педагог-психологтері, ҚР Білім және ғылым Министрлігі, азаматтық қоғам мен дін істері Министрлігі, ғылыми-зерттеу орталықтары, жастар ұйымдарының өкілдері мен қоғамдық қайраткерлер бас қосты. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас жиын барысында атқарылған жұмыстар жайлы сөз қозғады.

«Қазақстанда осымен бірнеше ай бойы жастарға арналған тренингтер жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда түлектердің көбі жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын білмей жатып, таңдауын гуманитарлық мамандықтарға тоқтатады. Сондықтан біз 36 мың оқушы мен олардың ата-аналары үшін арнайы жұмысшы мамандықтардың құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында тренингтер ұйымдастырдық», – дейді ол.

Жоба аясында Павлодар, ОҚО, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бағытында тренингтер, өндіріс ошақтарына жасалған экскурсиялар мен еңбек әулеттерімен кездесулер ұйымдастырылып, барлығы 36000 оқушы мен олардың ата-аналары және 260 педагог-психолог қамтылған.

Өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылар оқушылардың жұмысшы мамандық жайлы білімдерін тексеріп, олардың қызығушылық таныту деңгейін анықтаған. Айта кету керек, тренингке дейін олар техникалық кәсіпті беделге ие емес, қара жұмыс санатына жатқызса, тренинг өткен соң жағдай әлдеқайда өзгерген.

««Жоба іске қосылмас бұрын біз әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде тренингтен соң едәуір өзгерістерді байқадық, мәселен сұралғандардың 5-10 пайызы өз болашақтарын жұмысшы мамандықпен байланыстыруға ниетті екендерін жеткізді. Бұл біз үшін жоғары көрсеткіш», — атап өтті Лима Диас.

Сонымен қатар, «Жобаның үздік тренері» байқауының бес жеңімпазы анықталды. Айта кету керек, бес мұғалім Санкт-Петербург қаласындағы «Иматон» Практикалық психология Институтында ұйымдастыралатын «Топтық және жекелей кәсіби бағдар берудің заманауи әдістері» тақырыбы бойынша оқыту курстарына жолдама алады.

Байқау жеңімпаздары: Момбаева Каракөз (Шымкент қаласы, №30 мектеп), Машар Ақалтын Сидағалиқызы (Ақтөбе қаласы, №16 мектеп), Андирова Айман Амандыковна (БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі), Кенджебаева Мира Орынбасаровна (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 мектеп), Серімбаева Данна Тулеубаевна (Павлодар қаласы №19 мектеп)

Форум спикерлерінің бірі Дьячкова Екатерина Васильевна«Сколково» Мәскеулік басқару мектебі «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының кәсіби дағдыларды дамыту департаментінің басшысы. Ол қатысушылар мен елорданың 100 мұғалімі үшін арнайы «Болашақ мамандықтарын таңдау» тақырыбындағы бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Түлектер арасында жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізудегі мәселелер» әлеуметтік зерттеуінің талқылау аймағы ұйымдастырылды.Еңбек нарығының қайеар көзі – техникалық мамандықтар. Сондықтан жастар ғылыми-техникалық мамандықтарға қызығушылық танытып, білімдерін арттырса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста