Цифрлық дәуірге мамандар дайын ба?

 Болашақта Қазақстанның озық ел атану жолындағы басты құралы – цифландыру. Көпшілікке мәлім, ертеңгі күнді ертерек ойлап, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Қазақстан 2018-2022 жылдары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырады. Бағдарламада экономика саласын цифрландыру, сандық мемлекетке көшіру мақсаты айқын көрсетілген. Мамандардың айтуынша, алдағы 10-20 жылда мамандықтардың жартысы жойылатындықтан отандық бiлiмдi жаңғыртып, цифрлық дәуiр талаптарына сай мамандарды даярлау керек. Бұл туралы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттiк тыңдауда айтқан еді. 

«Болжам бойынша 2020 жылға қарай цифрландыру әлем экономикасының төрттен бiрiн құрайды. Цифрлық технологиялар - заман талабы. Олар қоғам өмiрiне әсерiн молынан тигiзуде. Соның нәтижесiнде денсаулық сақтау мен бiлiм беру, қала тiршiлiгi, жалпы адамның күнделiктi өмiрi айтарлықтай өзгерiп, жаңа сипатқа ие болды. Соған қарай коммуникациялар мен ақпараттық жүйелерге және көрсетiлетiн қызметтерге жаңа талаптар қойылуда. Серпiндi дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттер цифрлық экономиканы дамытуға белсендi түрде басымдық беруде. Бұл жаһандық күн тәртiбiнiң аса маңызды бағыты. Цифрлық экономиканы қалыптастыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген елдерге тән ортақ сипат бар. Ол - инновацияны енгiзуге қолайлы жағдай туғызып, цифрлық технологиялар мен инфрақұрылымға қомақты инвестиция салу», - дедi Тоқаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының орындалу барысы туралы жиында.

Оның айтуынша, елiмiзде цифрлық технологияларды енгiзу қарқыны орташа әлемдiк деңгейден артта қалып отыр. Сондай-ақ, өнеркәсiптiк кәсiпорындардағы автоматтандыру деңгейi мен жаңа технологияларды пайдалану деңгейi төмен болып отыр. Электрондық коммерция мен кәсiпкерлiк бастама баяу дамып келе жатыр. Ауылды жерлерде интернетке қол жеткiзу деңгейi әзiрге жеткiлiксiз.

«Бүгiнгi таңда бүкiл әлемде технологиялық өзгерiстер жылдамдығы жоғары қарқынмен өсiп келе жатыр. Сондықтан, Қазақстан үшiн осы технологиялық процестiң негiзгi трендтерiн назарға алып, жылдам әрекет ету аса маңызды. Бiр сөзбен айтқанда, цифрландыру туралы аз айтып, көп жұмыс жасау керек. Себебi, нақты енгiзiлген сандық технологиялардан Қазақстанның алдағы бейнесi қалыптасады. Цифрлық экономикаға көшкен кезде бiлiм инфрақұрылымын жаңа талаптарға икемдей алған мемлекеттер ғана өз экономикалық позицияларын бiршама жақсарта алады. Зерттеулерге сәйкес, алдағы 10-20 жылда қазiргi мамандықтардың жартысына жуығы жойылып кетедi. Бiзге перспективтi экономика сұранысына сәйкес отандық бiлiмдi жаңғыртып, цифрлық дәуiрдiң талаптарына сай мамандарды даярлау керек болады», - дедi Қасым-Жомарт Тоқаев.ді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста