15 қазанға дейін тағы төрт мыңнан астам қосымша грант тағайындалады, деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында қосымша гранттар тағайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, орталық 15 қазанға дейін тағы 4000-нан астам отбасыны қуантпақ.
"Оларға үкімет қаулысы шыққаннан кейін қосымша гранттар тағайындалады. Педагогикалық ғылымдар, АКТ, инженерлік, өңдеу мен құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар мамандықтары қамтылады!", - деп жазды Смағұлов.
Айта кетейік, Ұлттық тестілеу орталығы барлық бейнежазбаны талдаудан өткізгеннен кейін ҰБТ-да жоғары ұпай алған бес түлектің аты-жөнін жариялаған болатын. Олар:
Шәмші Ақберен Серғалиқызы – 139 ұпай;
Әбдіманап Абзал Бауыржанұлы – 138 ұпай;
Қуаныш Гүлнұр Ердіханқызы – 138 ұпай;
Бекжігіт Сымбат Амангелдіқызы – 138 ұпай;
Күлжанова Салтанат Асқарқызы – 138 ұпай.