«Зейнеткерлерді мектептен шығару керек» - белсенді ұстаз

Оның пікірінше, мұндай зейнеткер ұстаздар, орындарын, сағаттарын жастарға беруі керек.

Facebook әлеуметтік желісінде белсенді ұстаз Айман Сағидулла 27 сағатпен жұмыс істейтін зейнеткер мұғалімдердің әрекетін сынға алды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның пікірінше, мұндай зейнеткер ұстаздар, орындарын, сағаттарын жастарға беруі керек.

«Бір мәселені түсінбей жүрмін. Мұғалімдерден директорлардың жалақысы аз екенін қайталай беретіндер көбейіп кетті. Мұғалімнің жалақысының өскеніне әрі кетсе 3 жыл болды. Тест басталғалы ғана. Оның үстіне барлық мұғалім ақшаның астында қалып, байып кеткен жоқ. Көп жерлерде 10 сағатпен жұмыс жасайтын мұғалімдер бар. 10 сағатқа 100 000 теңге жалақы алады. Көп жерлерде директорлар сағат бермейді. Кей мұғалімдердің жалақысының көптігін көреді де «мұғалімдер ақшаның астында қалды,»-деп ойлайды. 

Негізінен жастар жағында сағат аз. Заң бойынша мұғалім 18 сағат алуы керек. Жастарды 10 сағатпен жүргізіп, пенсионерлер 27 сағат алатын мектептер бар. Пенсияға шықтың ба, шүкіршілік етіп, орыныңды жастарға бер. Жастар жұмыс жасасын, үйлі болсын. Өмір сүрсін. Асхат Аймағамбетов мырза! Пенсионерлерді мектептен шығару керек немесе 9 сағат қана беру керек. Осыны бір заңдастырып жіберсеңіз екен. Пенсия жасын сұраймыз, пенсияға шығып алып, мектептен кетпейміз, жастардың несібесін тартып аламыз. Әділдік емес. 

Ал, директорлардың жалақысы аз емес. Олардың директорлық лауазымына алатын жалақысын бөліп айтып жүрсіздер. Оларда 9 сағат бар. Екеуінің жалақысын қосқанда кәдімгідей ақша ғой. Сағат алмайтын директор жоқ. Өткенде бір директор жалақысының 260 000 екенін айтты. Аз ба? Тест тапсырса, одан да көбейеді. Мұғалімдер де тестпен көтеріп жүр жалақыларын» &ndash деді пост авторы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста