Жастық және спорт мерекесі

Алматыда өтетін, сайын даланы спорттық ойындардың жаңғырығына толтыратын, студенттер сайысы саналатын қысқы Универсиада да басталып кеткені белгілі. Бұл Универсиадаға қатысуға 57 мемлекет өтініш беріп, 2000-ға жуық спортшы алып шаһардағы додада өз спорттық өнерлерін сынап көрмек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Салауаттылық – өмір негізі» жобасы аясында шетелдік студенттерге арналған «Жастық шақ және спорт мерекесі» атты ашық тәрбиелік іс-шарасы өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келіп, білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.
Жиында сөз алған кафедра оқытушысы А. Ахмедова 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталғаны, қысқы Универсиада ойындары Қазақстан мен әлем бойынша студенттік спорттың дамуына септігін тигізетіні, Қазақстан ТМД елдерінің арасынан алғаш болып, қысқы Универсиада ойындарын өткізіп отырғаны, Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 57 мемлекеттен 2 мыңға жуық спортшы қатысатыны, Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам телеарналардан тамашалай алатыны, 2017 жылғы қысқы Универсиада:биатлон,шаңғы спорты, кёрлинг, коньки спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек секілді 12 спорт түрінен өтетіні туралы сөз етті.
Шараны оқытушылар Р.М. Есбулатова, М.А. Азнабакиева, Т.В. Курмановалар дайындаған шетелдік студенттердің үш тілдегі «Жастық және спорт мерекесі» туралы әдеби монтажы жалғастырды.
Одан кейін кафедраның оқытушылары сөз алып, 2017 жылғы қысқы Универсиаданың ұраны – «Қанатыңды кең серпі!», жас спортшыларды спорттың биік шыңын бағындыр дегенді білдіретіні туралы,2017 жылғы қысқы Универсиада талисманы Сұңқар құсы туралы, Қазақ даласындағы мықты, еркіндік сүйгіш, жылдамдық пен ұшудың, жылдамдық пен энергияның және жеңіске жетудегі зор талаптың белгісі, яғни, жас спортшылардың бойындағы қасиеттердің барлығы туралы айтып, баяндамаларымен таныстырды.
Студенттер Алматы қаласында өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған іс-шараға арнайы ұйымдастырылған шағын қойылымға қатыса отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін көрсете білді. Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті.
«Жастық шақ және спорт мерекесі» атты ашық тәрбиелік іс-шара шетелдік студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

А.Е.Саденова.,А.К. Ахмедова
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста