Жас өрендер – болашағы елімнің

Жас өрендер – болашағы елімнің

Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта-мектепте 2017 жылдың 8 сәуірінде өтті. Осы өңірде бесінші рет ұйымдастырылып отырған олимпиадаға Тарбағатай ауданындағы отыздан астам мектептертің жоғары сынып оқушылары қатысып, білім сайысына түсті.

Ұлттың болашағы – білімді де, парасатты ұрпақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті, дамығанмемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деген еді.
Ал жастарымыз білімді болу үшін, әрине оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету, қолдау білдіру – қізіргі қоғамның алдында тұрған міндет.


Бүгінде жер-жерде қазақ балаларының білім алуына жағдай жасап, қол ұшын беріп жүрген азаматтар жоқ емес. Осындай арда азаматтардың бірі марқұм Асқар Жакулин еді. Ол көзі тірі кезінде атажұрты Қазақстанға сонау Қытай елінен қоныс аударып, жеке кәсібін дөңгелетіп, жастарға қолдау білдіріп, қолынан келгенінше игі істер атқарып кетті. Өзі кетсе де, соңында өшпес із қалдырға азаматтың игі істерінінің бірі жоғарыда айтылған олимпиада.
Осыдан бес жыл бұрын Асқар Жакулин өзінің атасы Жакулә Күшікұлының құрметіне орай Ақсуат ауданы мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында олимпиаданы алғаш рет ұйымдастырған болатын.
Жәкула Күшікұлы – 1863 жылы туып, Омбы фельдшерлік мектебін бітірген қазақтың тұңғыш оқымысты дәрігерлерінің бірі. 25 жылдан астам дәрігерлік, он жылға жуық болыстық қызмет атқарған Ж.Күшікұлы туған өңірі оқу-білімге қол жеткізуі үшін мектеп ашып, Алаш қозғалысының ағартушылық бағытына жәрдем еткен азамат. Жәкула атындағы олимпиаданы ұлт арысының туғанына 150 жыл толуына орай немересі Асқар Жәкулин ұйымдастырған еді. Асқар Жәкулин 2016 жылдың ақпан айында дүниеден озғанымен, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры олимпиаданы ары қарай жалғастырып өткізіп отыр. Арыстай азаматтың жұбайы Жайна Жакулина 2016 жылдың 14 наурызында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорын құрған болатын.


Олимпиаданың мақсаты – қабілетті де, дарынды оқушыларды анықтап, олардың ізденуіне қолдау көрсету, қалаған мамандықтарын таңдап, келешекті өркендетуге бар күштерін салатын маман болып шығатын оқушыларды іріктеу, дарынды балаларды белсенді танымдық қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Бесінші рет өткізіліп отырған олимпиадаға Қытайдан арнайы қонақтар келді. Олар: Алғадай Жакулин – Шыңжаң ұйғыр автономиялық районы Егін және мал шаруашылықтарын механизациялау мен технологияны енгізу және дамыту бас станциясының басшысы болған тәжірибелі маман. Жоғары дәрежелі инженер, Жакулин Асқардың ағасы; Гүлбану Бұлантайқызы – Шыңжаң медициналық университетінің бірінші ауруханасының буын хирургиялық бөлімінің бас медбикесі, Жакулин Алғадай ағаның жұбайы; Серік Жакулин – Шыңжаң медициналық университетінің бірінші ауруханасының орталық хирургия басшысының орынбасары, қан тамырлар қалқанша безінің хирургиялық бөлімінің меңгерушісі, профессор, асқар жакулиннің ағасы; Сақбаев Алмас Ахметбекұлы, ақын, қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері; Гүлнар Сейдолла – Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық атындағы қордың директоры; Сәдуақасова Ақмарал Құдайбергенқызы – Асқар Жакулинин атындағы қор директорының ассистенті.
Ауданаралық олимпиаданың ашылу салтанатына Ақсуат ауданы әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы қатысып сөз сөйледі. Ол осынау игі шараны ұйымдастырып отырған Асқар Жакулин атындағы қорға алғысын білдіріп, олимпиадаға қатысуға ниет білдірген жас талаптарға сәттілік тіледі.
Қытай елінен келген делегацияны бастап келген Алғадай Жакулин мырза өз кезегінде осындай білім сайыстарының жас ұрпаққа берері мол екенін тілге тиек ете отырып, оқушыларға батасын берді. Ал мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Үрпежанова Жанар Зағыпанқызы қонақтарды олипиаданың жүру барысымен, қатысушылармен таныстырды.
Олимпиада өткен К.Нұрбаев атындағы мектеп оқушылары алыстан келген қонақтарға құрмет көрсетіп, өлеңдерін оқып, әндерін салды. 11-сынып оқушысы Алдаберген Аян деген оқушы Асқар Жакулиннің жүрекжарды туындысын оқып берді. Сондай-ақ салтанатты шарада Алмасбек Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының «Көк тудың желбірегені» әнін 9-сынып оқушысы Задан Аян әуелетіп орындады.
Олимпиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және дипломмен марапатталды (36 жүлде). Қатысқан барлық оқушыға сертификат табысталды.

Дерек:
Жакулә Күшікұлы атындағы химия-биология пәндері бойынша аудандық олимпиаданың алғашқы ұйымдастыршуысы, қаржыландырушысы Асқар Жакулиннің өмірі мен еңбек жолы жас ұрпаққа өнеге.
Асқар Жакулин 1965 жылы 7 қарашада Қытай жерінде дүниеге келген, Германияда білім алған. Қытай Халық Республикасының ең жоғарғы Шинхуа университетін үздік бітірген. Қазақстанға келіп қызмет еткен ол «Ас-ай» компаниясын құрды. Компанияның құрылу тарихы 2002 жылдан басталған, компанияның мақсаты – нарықта Қытайда өндірілген арнайы техниканы сату мен таныстыру. О баста компанияда он-ақ адам жұмыс істеді, ал машиналар саны 50 ғана еді. Аз ғана уақыттың ішінде «Ас-ай» компаниясы арнайы техникалар анрығы,нда жетекші компания ретінде қалыптасты.
Қытайдағы ең алғаш «Ауыл» сайтынң негізін қалаған да Асқар Жакулин болған. Көптеген ғылыми, мәдени жобаларға демеушілік жасаған арда азаматтың артында бір ұл, бір қызы қалды. Асқар Әнуарұл 2016 жылдың 2 ақпанында ұзаққа созылған ауыр дерттен көз жұмды, өзінің өсиеті бойынша ол Алматы қаласында жерленді.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста