Жаңа заң білім саласындағы маман тапшылығы мәселесін шеше ала ма?

Елімізде дуалды оқыту жүйесімен білім алған жылдар студенттердің еңбек өтілі болып есептеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жаңа заң биыл күшіне енді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

 

Елде дәнекерлеуші, аспаз, электр мамандары жетіспейді. Елімізде 500-ден аса колледж дуалды оқыту жүйесіне қосылған. Орта арнаулы білім ордалары 5000-ға жуық кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатты. Қазір 58 мың студент өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Үшжақты келісімнің арқасында енді түлектердің оқу жылдары еңбек кітапшада жұмыс өтілі ретінде жазылады.

 

Асылжан Мұзапарова, студент:

 

&ndash Шынымды айтсам, мен өте қуаныштымын. Бір жағынан білім алып, еңбек жолымды жинау бұл өте күшті мүмкіндік деп санаймын. Әсіресе, біздей жастарға. Себебі өзіміздің бизнесті, мысалы мен оқу курсымды не туристік орталығымды ашсам, маған еңбек жылы қосылады. Ол менің курсымды дамытуға қатты көмек берер еді.

 

Асылжан елордадағы «Бизнес, менеджмент және білім» колледжінде оқып жатыр. Болашақ аудармашының арманы асқақ. Туризм саласына атсалысуды қалайды. Өндіріске кедергі болған пандемияға қарамастан, кәсіпорындар студенттердің тәжірибеден өтуіне мүмкіндік жасаған.

 

Марғұлан Аманбеков, «Менеджмент, бизнес және білім» колледжі директорының орынбасары:

 

 &ndash Пандемия кезінде бизнес өкілдері, көптеген біздің қызмет көрсету орталығы, ресторандарымыз, қонақ үйлеріміздің барлығында қызмет көлемі азайып отырған себепті, әрине қиыншылықтар туғызып отыр. Бірақ соған да қарамай, біз топтарды жеке шағын топтар арқылы бөліп, сонымен дуалды оқыту жүйесін жүргізіп отырмыз.

 

Елордадағы 12 колледж дуалды оқыту жүйесімен жұмыс істейді. Қазір мұндай оқу орындарына академиялық дербестік берілген. Оқу бағдарламасы кәсіпорындармен бірлесіп жасалады. Бұл да болашақ маманның біліктілігіне оң әсер ететіні анық.

 

Қаламқас Алғазинова, ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының жетекшісі:

 

&ndash Дуалды оқытумен айналысатын колледждердің реестрін Атамекен ҰП жасайды. Сол реестр бойынша үшжақты келісіммен жұмыс жасайды.

 

Жүйеге сай оқудың 60 проценті кәсіптік тәжірибемен ұштастырылады. Кәсіпорындар болашақ маманын алғашқы курстан баптайды. Бастысы, елдегі жұмысшы тапшылығы осылай шешімін табуы тиіс.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста