Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады - БҒМ

Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 
«2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриат 20 пайызға артады. Яғни, 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистратура бойынша 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады», – деді Қуаныш Ерғалиев министрлікте өткен аппараттық жиналыста.
Оның айтуынша, шәкіртақының өсуі жалпы саны 133 мың студентті қамтиды.

«Алдымызда студенттерді жазғы сессия күтіп тұр. Оқу орындары жазғы сынақты академиялық адалдық принциптеріне сәйкес өткізуі қажет. Сонымен қатар түлектердің дипломдарын уақытылы табыстаған жөн. Сол секілді, ЖОО оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс», – дейді ол.
Бұған дейін вице-министр ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссияның жұмысын сынаған еді.

Сондай-ақ, аталған шарада биылғы мемлекеттік гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінетіні айтылды.

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста