Жаңа форма алуды талап етеу ақша жасаудың жаңа формасы емес пе?

Жаңа форма алуды талап етеу ақша жасаудың жаңа формасы емес пе?

Алматыдағы № 175 гимназияның бір топ ата-анасы екінші тоқсанның ортасынан бастап мектептегі дене шынықтыру киімінің қайтадан ауысып жатқанына наразы. Айтуларынша, оқу жылы басында бірыңғай киім алған мың жарым оқушы енді дағдарыс қысқан уақытта 6 мың теңгеден қайтадан жаңа формаға тапсырыс беруі тиіс. Ата-аналар шағымы бойынша мектепке Манас Қайыртайұлы барып қайтқан еді.

№175 Жаңағасыр гимназиясы бірыңғай оқу формасымен шектеліп қалмай, спорттық киімді де біркелкі қылуға көшіпті. Мұндай шешімді жыл ортасында қабылдағаны ата-аналар үшін түсініксіз. Олар оқу маусымы басталарда мектеп мұндай өзгеріспен бәрімізді хабардар етпеді дейді. Сөйтіп, балаларға қайта-қайта киім сатып алуға мүмкіндігіміз жетпейді деп мұңын шақты. Балаларымызға зияны тимес пе екен деп қорыққан олар бейнелерін, аты-жөндерін жасыруды өтінді.

АТА-АНА:
- Ертерек ескертпейді ме? Хотя сұрағанбыз жыл басында. Сонда айтқан, үсті ақ, асты қара деп. Енді кеп жыл ортасында алыңдар, ақша жинаңдар деп жатыр.

Әрине, ата-аналардың барлығы бірдей бұл форманың бағасына қарсы емес. Бірақ, кеш естігендерін жасырмайды. Сөйтіп пікір екіге жарылып отыр.

ОРЫНБАСАР ТҰРЛЫБЕКОВ, ата-ана:
- Жаңағы ата-аналардың бәрі бірауыздан келісіп, қолдадық. Қыркүйектің басында естімедім. Жақында естідік.

БАҚЫТГҮЛ, ата-ана:
- Қазір обязательный порядок алыңдар деп жатыр бізге. Бізде мысалы, 3-4 бала, оған қиын каждыйына қиын алу. Ал үлкен кластар вообще сөйлеспей алғызып жатыр.

Мектеп әкімшілігі бірыңғай спорттық киім киюді ата-аналар ұсынды деп ақталды. Тіпті күні бүгінге дейін бір де бірі шағым жасамапты. Айтуларынша, жетім балалар мен көп балалы отбасыларға жеңілдік қарастырылған екен. Ал, бірыңғай форманы "Ақбота" фирмасы тігетіні айтылып қалды.

ЖАҢЫЛ БАТЫРБЕКОВА, "Жаңа Ғасыр" №175 гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
- Бірінші жиналыс қыркүйек айында болған болатын ата-аналар жиналысы. Сол кездегі ата-аналар ұсынысы. Балалардың да бұл жерде пікірлері ескерілген болатын. Енді мұндай әңгіме шығып жатқанын кім біледі о жағын?! Біздер әлі біле бермейміз.

Мектептің ақша жинап, жаңа спорттық киім тігу туралы бастамасына әр сыныптан қарсылық білдіріп жатқан ата-аналар бар болғанымен, бәрі эфирге жүзін көрсетіп айтуға жасқанады. Оқу ордасының ата-аналар ұсынысы деген жауабын, оқушылар да өтірікке шығарды.

Ал қыркүйекте барлық ата-ананы жиып, өзгерістен хабардар еттік деген мектеп басшылығының сөзін қолдарындағы хаттама дәлелдеп бере алмады. Көпшілігі қарашада өткен жиналыстар. Ал қалалық білім басқармасының басшысы бұл туралы бізден естіп отырғанын айтып, ол мектеп емес шығар деп таңғалды.

РАХАТ ШИМАШЕВА, Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы:
- Ол мектеп емес шығар ол енді. Мен өмірімде қалай тапсырма берем ондай?! Сіз күнде естіп отырсыз, білім басқармасы мұнымен күресіп отыр, білім басқармасының арнайы бұйрығы бар деген сөзді.

Қалалық білім басқармасының басшысы бұл мәселені анықтауға уәде берді. Ата-аналардың біраз бөлігін наразы еткен істің ақыры не болары әзірге белгісіз.
31.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста