Жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер қомақты айыппұл төлейді

Диплом сатып алып, мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдердің қулығы анықталса, қомақты айыппұл салынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ҚазАқпарат сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, еліміздің Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасағандарға 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

 

Сонымен қатар 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

 

Ал жалған құжатты пайдаланғандарға 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады.

 

Ведомство «осы уақытқа дейін қанша мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп жүргені анықталғанына» қатысты сауалымызға бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзырында екендігін атап өткен.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста