ХҚТУ 33 оқушыға грант үлестірді

ХҚТУ 33 оқушыға грант үлестірді

13-наурыз күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының үлкен залында II Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға Қазақстанның 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 550-ге жуық оқушы 11 пән бойынша қатысты. I кезең 5-6 ақпанда Қазақстанның 14 облысының орталығында онлайн түрде өткен болатын.
Салтанатты кеште университет президенті, профессор У.Әбдібеков, I вице-президент, професор   М.Куталмыш құттықтау сөздерімен ыстық тілектерін білдірді. Ректор У.Әбдібеков: «Құрметті жас түлектер, ата-аналар, қонақтар! Жалпы олимпиадаға 4700-ден аса оқушы қатысты.  II-турға өткен 550 оқушыдан 33 оқушы грант иегері атанды. Стипендия, жатақханамен қамтылады. Қалған 517оқушы сертификат алады. Үміттеріңізді үзбеңіздер, ҰБТ барысында 13-25 тамыз аралығында құжат тапсырып, Түркия мемлекетінің 500 грантына қатыса аласыздар. «Жаман айтпай жақсы жоқ», бірақ Түркия грантына ілікпегендерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Жыл сайын 500 студентті Мәулана бағдарламасы бойынша Түркияға I-семестрге оқуға жібереміз. Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын! Біздің студенттер қатарынан көрінуге зор ықыласпен шақырамын!»-деп, толқып отырған жастардың көңіліне қуаныш сыйлады.  
Сондай-ақ, басшылар Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты негізінде білім алу үшін арнайы сертификаттарды жеңімпаздарға табыстады.
Шара соңы «Продюсерлік орталық» ұйымдастырған университет өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» -демекші, оқу ордамызға ең білімді, үздік талапкерлер тартылды. Өздері таңдаған бейіндік пәннен кіл үздіктер топ жарды. Сонау Солтүстік, Батыс облыстарынан келген оқушылардың университетке деген қызығушылықтары өте жоғары.
Мәдениет орталығы фойесінде факультеттердің кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Барлық оқушыларға, жетекшілеріне, ата-аналарына университет қалашығында экскурсия ұйымдастырылды. Оқу ғимараттарын аралап, мәре-сәре болған оқушылар қуаныштарын жасыра алмады.

«Ясауи» пәндік олимпиадасының қазақ тілі пәнінен 1-орын иегері Иванова Бибігүл Ғазизқызы: «Ақтөбе қаласының №55 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысымын. Өзім ғаламторға көп кірмегендіктен, олимпиада туралы сыныптастарымнан естідім. Олар университет сайтынан көрген болатын. Ақтөбе Түркістаннан өте қашықта, сондада бағымды сынайын деп қатыстым. I-турдан өткенімде қатты қуандым. Ал қазір, грант иегері атанғаныма өте қатты қуанып, көзіме жас кеп тұр. Шынайы әділдіктің арқасында жеңіске жеттік. Білім нәрімен сусындатқан класс жетекшім, әрі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі Меруерт Аманова Есенқызына алғысымды білдіремін. Ахмет Ясауи университеті өте керемет! Тек ғимараттарының сыртқы көрінісі ғана емес, оқытушы-профессорлардың ашық-жарқын ішкі жан жылулығы ұнады».
 
Аламан білім бәйгесі II Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары:
 
Ағылшын тілі пәні бойынша:
1.Унбаева Ботагөз Нұрлановна, Ақтөбе қаласы, №47 жалпы білім беретін орта мектебі
2. Баймагамбетова Айым Багдадовна, Солтүстік Қазақстан облысы, Саумалкольская школа-гимназия №2
3. Жомартова Нарғыз Польмирақызы, Қызылорда қаласы, №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі
Биология пәні бойынша:
4. Гавиз Айнұр Мұхтарқызы, Қызылорда облысы, №44 орта мектеп
5.Төре Аягөз Еркінқызы, Қызылорда облысы, №44 орта мектеп
6. Ерланқызы Тоғжан Ерланқызы, Оңтүстік қазақстан облысы, Назарбаев зияткерлік мектебі
География пәні бойынша:
7. Нуржанова Айша Кайратовна, Ақтөбе облысы,№53 орта мектеп
8.Негметжанова Асель Асылбекқызы, Орал қаласы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
9.Сыдыкова Арайлым Ғалымжанқызы, Алматы қаласы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы

Дүниежүзі тарихы пәні бойынша:
10. Амиртаев Батырхан Нуржанович, Ақмола облысы, Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі
11.Әбдірасілов Нұртай Әбдірасілұлы, Қызылорда облысы, №9 қазақ-түрік лицейі 
12. Болат Жандәулет Болатович, Түркістан қаласы, М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы
Информатика пәні бойынша:
13.Убайдуллаева Хилола Илхамқызы, Түркістан қаласы, М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы
14. Сейдулла Құдайберген Молдақасымұлы, Түркістан қаласы, №23 мектеп
15.Шакимбеков Рахат Асхатович, Семей қаласы, қазақ-түрік лицейі
Қазақ тілі (Қазақ сыныптары үшін) пәні бойынша:
16.Иванова Бибігүл Ғазизқызы,  Ақтөбе қаласы, №55 жалпы білім беретін орта мектебі
17.Ибрагим Жібек Ғаниқызы, Қызылорда қаласы, №73 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп
18.Тұранова Жадыра Тұрсынбайқызы, Мақтарал ауданы, «Үлгілі» жалпы орта мектебі
Қазақстан тарихы пәні бойынша:
19.Жәми Аружан Бейсенбайқызы, Мақтарал ауданы, №20 Ш.Құдайбердиев атындағы ЖОМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі
20.Ибрашева Айнұр, Қызылорда облысы, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы
21. Жайлаубаева Камила Алматовна, Шығыс Қазақстан облысы,  КГУ «Самарская средняя школа №1»
Математика пәні бойынша:
22. Нышанхан Шохан Нышанханұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл Қамбаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты КММ
23.Қаблан Нұрдәулет Сапарбайұлы, Шардара қаласы,
24. Расул Сұңқар Мәдениетқызы, Астана қаласы, №20 Қоянды орта мектебі
Орыс тілі (Орыс сыныптары үшін) пәні бойынша:
25. Габриель Юлия Сергеевна, Қарағанды қаласы, КГУ «Гимназия №9»
26.Касинова Амина Алпамысқызы, Солтүстік Қазақстан облысы, Новоишим қазақ орта мектебі
27.Мельникова Галина Димитриевна, Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов атындағы №8  орта мектебі
Физика пәні бойынша:
28. Ибраим Әлібек Саматұлы, Алматы қаласы, №159 мектеп-гимназиясы
29.Мейірбек Самат Бауыржанұлы, Жамбыл облысы, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия
30. Махамбетжан Қуаныш Қалыбай, Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернаты
Химия пәні бойынша:
31.Сағынова Арайлым Ғабитқызы, Атырау қаласы, №10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп
32. Оразов Жандос Қанатұлы, Шымкент қаласы,№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп интернат
33. Садирбаева Айнұр Қошқарқызы, Алматы қаласы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы. (Суретті түсірген О.Назаров). 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста