Халыққа жарық сыйлайтын оқу ордасына 50 жыл

Халыққа жарық сыйлайтын оқу ордасына 50 жыл

Қазіргі кезде адамзаттың өмірін бір күн электр жнергиясынсыз елестету мүмкін емес. Жарық жоқ болса, әсіресе қалада тіршілік тоқтап қалғандай болады. Осы орайда елімізді электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған мамандардың еңбегі ерекше. Қазақстанда 50 жылдан бері электр энергиясы саласының мамаендарын даярлап келе жатқан бір оқу орны бар. Ол Алматы мемлекеттік энергетикалық және электронды технологиялар колледжі. Биыл оқу орнының құрылғанына 50 жыл. Осы айтулы мерекені атап өтіп жатқан колледждегі салтанатты кешке «Алаш айнасының» тілшісі де қатысып қайтқан еді.

Жарты ғасырлық тарихы бар оқу орны бүгінге дейін 20 мыңнан астам маман даярлап шығарыпты. Бүгінде оқу ордасында 2 жарым мыңдай студент білім алауда, 200-ден аса оқытушы жұмыс істейді.
Алматы мемлекеттік энергетикалық және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеевтің айтуынша, колледждің басты мақсаттарының бірі – заман талабына сай баламалы қуат көздерін жетілдіріп, жасыл экономиканың дамуына үлес қосу. Мұнда студенттер оқу өндірістік шеберханаларда тәжірибелік сабақтар өтеді. «Бұрын аталған оқу орнында басқа ұлттың балалары ғана оқыған болса, кейінгі кезде қазақ балаларының да энергетика саласына қызығушылығы артып келеді. Қазір оқу орнында оқитын студенттердің 85 пайызы қазақ балалары» дейді директор.

Төлеуғали Тайтулеев, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжнінің директоры:
– Колледж – кәсіптік білім беретін оқу орны болғандықтан, негізінен, жарық және жылу жүйелерінің кәсіби мамандарын даярлауға бағытталған. Одан бөлек, заманауи бағыттағы кейбір мамандықтарды даярлаймыз. Атап айтар болсақ, электроэнергетиктерді (техник, электрик), жылуэнергетиктерін (жылу жүйелерінің техниктері), радиотехника мамандарын (радиоэлектронды аппаратураларды жобалаушы, бақылаушы техниктер, техник-технолог), экономика саласы (бухгалтер, аудитор, экономист), энергетика менеджментін (әртүрлі өндіріс мекемелерінің менеджерлері) оқытып, даярлаймыз. Кезінде энергетика саласы механика жүйеде жұмыс істеген болса, бүгінгі таңда электроникамен тығыз байланысты. Біз электроникаға, жаңа технологияға негізделген. ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3 мекемелерімен, «Жер-су корпорациясы» ЖШС сияқты жекеменшік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз, кейбір мамандықтар осы мекемелердің сұранысы бойынша ашылды. Ал «АлматыЭнергоСервис» мекемесімен Елбасымыз Н.Назарбаев белгілеп берген жаңа жоба – дуалды жүйе бойынша жұмыс жасаймыз. Студентттеріміз 100 пайыз жұмыспен қамтылады.

Энергетик маманға деген сұраныс ешқашан төмендемейді. Өйткені энергия мен жылу адамның басты қажеттіліктері. Бүгінде еліміз бойынша 41 электр станциясы бар екен. Солардың көбі күрделі жөндеуді қажет етеді. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжін бітірген білікті мамандар еліміздегі электр энергиясын өндіретін станциялардың жұмысын жандандыруды көздейтіндерін айтады.
Болашағы жарқын, материалдық базасы жақсы дамыған колледждің студенттері өздерінің тек білімді ғана емес өнерлі екендерін де көрсетіп жүр. Оқу ордасының салтанатты кешінде колледж студенттері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Колледжің мерейтойымен құттықтап эстрада жұлдыздары да келді.

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста