Үздік спортшыларға университет гранты беріледі

Ахмет Ясауи университетінде (ХҚТУ) ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 25 жылдығына және Қ.А.Ясауидің 850 жылдығына арналған «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кубогына» арналған волейболдан 1998-1999 жж. туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің өңірлерінен 12 команда қатысып бақ сынады. Олар: Астана, ОҚО, Алматы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақтау, Павлодар, Атырау, Талдықорған, Қарағанды, Тараз, Батыс Қазақстан облысы, Түркістан қалаларының командалары.
Біріншіліктің жабылу салтанатында университеттің I вице-президент, профессор М.Куталмыш, Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР-ның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ойынның бас төрешісі Ким Людмила Георгиевна жеңімпаз командаларды марапаттады.
I орынды Оңтүстік Қазақстан облысы құрама командасы, II орынды Жамбыл облысының құрама командасы, III орынды Алматы қаласының құрама командасы иеленді.
Сондай-ақ, профессор М.Куталмыш үздік 5 ойыншыға университет гранты берілетінін хабарлап, марапаттады.
Оқу гранты бүйырған спортшылар: Жамбыл облысы құрама командасының мүшесі Фоменко Александр, ОҚО құрама командасының мүшесі Рахматуллаев Шукурилло Шарафиддинович, Алматы қаласының құрама команда мүшесі Калоев Мамедали Сиябандович, ОҚО құрама командасының мүшесі Сапарбек Әділет Асхатұлы, Жамбыл облысы құрама командасының мүшесі Дарқанұлы Өмірсерік.


Университет баспасөз қызметі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста