ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

20 маусымда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім және ғылым министрлігіндегілер ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды.

Биылғы жылы ҰБТ нәтижелерін мына сайттардан білуге болады:

@edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;
edu.mail.kz сайтынан;
Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет
Биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады.

«Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз мына телефон бойынша хабарласуды: +7 (7172) 69-50-87 немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз. Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз», - делінеді хабарламада.

Сонымен қатар тестілеуге қатысты сұрақтар бойынша Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді: 8-800-080-7177 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста