ҰБТ-да ең жоғары 139 балл жинаған екі оқушының ереже бұзғаны анықталды

Биыл ҰБТ басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Алайда қайта тексеру кезінде олардың ереже бұзғаны анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өз Instagram парақшасында жазды.

 

"ҰБТ-2022 басталғалы бері 139 балл жинаған екі талапкер тіркелді. Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, тестіленушілердің ұпайын жойдық", - деді ол.

 

Емелбаев терең білімнің арқасында 140 балл жинайтын талапкер тіркелетініне сенім білдірді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста