СҚО-ның 170 ауылында мектеп жоқ

  • 19
СҚО-ның 170 ауылында мектеп жоқ

Сонымен, оқу жылы аяқталды. Биыл Солтүстік Қазақстандағы 170 елді мекенде мектептің жоқтығынан балалар көрші ауылдарға қатынап оқыды. Жыл сайын өңірде орта есеппен 7 білім ошағының есігіне қара құлып ілінеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Өңірдегі 48 ауылда бастауыш мектеп қана жұмыс істеп тұр. Алдағы оқу жылында олар да жабылуы мүмкін. Ал қазір жайқалған гүлдің орнын арамшөп басқан, асыр сала ойнаған бала да жоқ. Бұл Есіл ауданындағы Көктерек ауылы.

 

Бұл мектеп 5 жыл бұрын жабылған. Ауыл тұрғындары оның қайта ашылатынына үмітті. Сондықтан жергілікті кәсіпкер нысанды сатып алған. Алайда күтім көрмеген ғимарат біртіндеп бұзылып жатыр. Мектепті қайта ашу мәселесі қарастырылса, кәсіпкер нысанды мемлекет меншігіне тегін беруге дайын. Алайда оны жөндеуге қыруар қаржы қажет. Елді мекенде 60 шаңырақ түтінін түтетіп отыр. Мектеп жасындағы 20 шақты бала бар. Олар аудан орталығына қатынап оқиды.

 

Ләззат Ыбыраева, ауыл тұрғыны:

 

- Қызым күнде сабаққа жаяу барып жүр. Таңертең 6-да тұрады. 6.30-7.00-де солай шығады. Бізде Смирнов 3 шақырым жерде орналасқан. Сабақ 8.30-да басталады.

 

Өңірде 465 білім ошағы бар. Оның 170-і шағын жинақталған. Бастауыш мектепте кемінде 5, негізгі мектепте 41, орта мектепте 81 бала оқуы шарт. Алайда...

 

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

 

- 172 мектеп осы талаптарға сай келмейді. Сол себепті жылда мектеп жабылады немесе қайта құру болады. Шағын жинақталған мектептерде орташа есеппен алғанда 60-70 бала оқиды.

 

2021-2022 жылдары өңірде 14 мектеп жабылған. 7-і қысқартылып, бастауыш сыныптар ғана қалған. Биыл да оқушы саны есептелгеннен кейін, бірнеше білім ошағы жұмысын тоқтатуы мүмкін.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 190
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 238
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста