Сот тілі қазақыланып келеді

ҚР «Тіл туралы» Заңының 13-бабында «Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деп көрсетілген.
Тілді таңдау әр азаматтың конституция¬лық құқығы болғандықтан, сот істері¬нің мемлекеттік тілде жүргізілуі арыздардың сотқа қай тілде берілуіне байланысты. Қазақ тіліндегі сот ісінің көрсеткішін соттардың кінәсінен деп айтуға болмайды. Тараптар арыз-шағымдарын орыс тілінде береді. Сотқа түскен тергеу амалдары қазақ тілінде жүргізілген қылмыстық істер, азаматтық істер бойынша сот сараптамаларын тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым қазақ тілінде шығарылса да, сараптама жасау орталығы қызметкерлерінің жауаптары орыс тілінде беріледі. Осы секілді кедергілер сот тілінің әлі де болса қазақылануына кедергі болып келеді.
Дегенмен сот тілінің қазақылануында біршама алға жылжу бар. Мемлекеттік мұрағат деректеріне қарағанда, 1925 жылдарға дейін сот үкімдері мен шешімдері ішінара орысша, басым бөлігі араб қарпіне негізделген қазақ әліпбиімен жазылып, беріліп тұрғандығын байқаймыз. Кейін, жыл өткен сайын, сот ісінде орысша мәтіндер көбейе түскен. 1928 жылдан бастап қазақ алфа¬витін латын қарпіне көшіруге дайын¬дық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты округтік сот жанынан латын әліпбиін үйрету курсы ашылып, судьялар мен сот қызметкерлері латын қарпіне дағдылана, үйрене бастайды. Жалпы, отызыншы жылдары сот¬тың іс-қағаздары, негізінен алған¬да, латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі бойынша жүргізілген. Қырқыншы жылдар бедерінде қа¬зақ жазуының орыс қарпіне түпкілік¬ті көшірілуі кеңес қоғамындағы қазақ тілінің де алдағы тағдырын айқын¬дады. Кеңес өкіметі дәуірлеп тұрған жылдарда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мемлекеттік органдарда қолданысқа енгізу мәселесі мүлде ескерусіз қалдырылды.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе¬сін орнықтыру тәуелсіздік алған жылдардан бастап қана қайтадан қолға алынды. 1999 жылдың қаңтар айынан бас¬тап сотта іс-қағаздарын жүргізуді мақсатты түрде мемлекеттік тілге көшіру басталды. Соттың төралқа мәжілістерінде, істердің қажеттілігіне қарай, қазақ және орыс тілдерінде, ал маңызды басқосулар, жалпы және ұйымдастыру сипатындағы төрал¬қа, алқа мәжілістері, жұмыс қоры¬тындылары бойынша өткізілетін жиындар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады.
Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік биліктің сот тармағында да лайықты биігіне көтеріліп келеді. ҚР Жоғарғы Сотының талдауы көрсетіп отырғандай, республика соттарының жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының үлесі жыл санап жоғарылап келеді.
Елдігіміз нығайып, ұлттық келбетіміз ажарланған са¬йын мемлекеттік мәрте¬бесі жоқ қоса¬л¬¬қы ресми тіл өзі-ақ бір¬тіндеп тұр¬мыстық қарым-қатынас ая¬сы¬на, сыртқы саясат, халықаралық қаты¬настар көкжиегіне қарай ысырылып, ығысып бара жатқанын көзіміз көріп отыр. Бұдан Тәуелсіздік жылдарын¬да саяси және құқықтық деңгейі же¬ті¬ле түскен Қазақстан халқының мемлекет құрау¬шы ұлттың тілі мен діліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне анағұрлым ден қойғандығынан да байқауға болады. Елімізде қазақ ұлтының айқын басымдылыққа ие болып, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалардың, арнаулы және жоғары оқу орындарының қаулай өсіп, қажеттілікке айналуы, қа¬зақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік қызметке кіруге тал¬пынып, мемлекеттік тілді жаппай мең¬геріп жатқандығы – осының айғағы.
Өмірбекова Ақерке
Бостандық ауданының №2 аудандық
сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста