СДУ колледж мұғалімдеріне арналған сабақтар өткізеді  

Сулейман Демирель атындағы университет колледж мұғалімдеріне арналған сабақтар өткізетін болады. Бұл туралы университет ректоры Давронжон Гаипов ALLVET оқу зертханасының ашылу салтанатында айтты.

«Университетімізде Erasmus+ бағдарламасы ALLVET жобасының аясында оқу зертханасын ашып отырмыз. Мұнда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына ECTS жүйесі бойынша колледждегі білім процестерін әзірлеу: силлабус дайындау, сабақтың қажеттіліктерін анықтау, үйрену мақсаттары мен нәтижелерін болжау, бағалау т. б. тақырыптар бойынша сабақ беріледі. Колледж мұғалімдеріне арналған тренингтерді СДУ оқытушылары жүргізеді. Алдағы уақытта жоба аясында атқаралатын жұмыстар нәтижелі болады деген үміттемін. Сондай-ақ зертхананы университет оқытушылары да пайдалана алады. Мұндай халықаралық жобаларға белсенді түрде қатысуымыз керек, бізде бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет. Қызметкерлеріміздің идеяларын, жобаларын қолдауға дайынбыз», – деді ректор.

СДУ Халықаралық қатынастар офисінің директоры Әділжан Анайдың айтуынша, мұндай оқу зертханасы Қазақстан бойынша үш университетте бар.

«ALLVET оқу зертханасы еліміз бойынша тек екі университетте ғана бар еді. Енді университетіміз солардың қатарына қосылды. Онлайн сабақтар, кездесулер өткізу мақсатында мультимедиалық теледидар қойылды және жұмыс істеуге ыңғайлы сенсорлық тақта орнатылды. Сондай-ақ зертхана ішіндегі ноутбуктер арнайы код бойынша ашылатын ұяшықтарда тұрады», – деп түсіндірді ол.

Шара барысында Padlet және ZipGrade қосымшалары таныстырылды. Padlet қосымшасының Timeline функциясы оқытушыларға силлабустағы тапсырмаларды білімгерлерге визуалды форматта ұсынуға мүмкіндік береді. Ал ZipGrade қосымшасы оқытушыларға тест жауаптарын сканерлеу арқылы тез әрі жеңіл тексеруге мүмкіндік береді. Сканерден өткізгенде қосымша қанша сұрақ дұрыс екенін бірден пайыздық мөлшерлемемен көрсетеді және PDF нұсқада анализ ұсынады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста