Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп өлмек болған

Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп өлмек болған

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазды.

Оқиға 20 қаңтарда болған.

 

Полицейлердің айтуынша, ол әріптестерінің арасында болған кикілжіңге бола осындай әрекетке барған.

 

Жәбірленуші полицияға берген арызында "әріптестерім намысыма тиді" деп жазған.

 

Сарыағаш аудандық аурухана дәрігерлері науқастың қазіргі жағдайы тұрақты дейді.

 

"Науқас терапия бөліміне жатқызылды. Ауыз қуысы күйіп, созылмалы бүйрек ауруы өршген, оған қоса орташа деңгейде қан аздық ауруына шалдыққан деген диагноз қойылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық", - дейді Сарыағаш аудандық ауруханасы терапия бөлімінің меңгерушісі Құралай Әбілмәжінова.

 

Қазіргі таңда полиция "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша істі тіркеді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста