Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ¬тың қолында, ал жас ұрпақтың тағ¬дыры ұстаздардың қолында», – деп мұға-лімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. Олай болса, адам баласын ұлы мақсаттарға жеткізетін ұлы күш – білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаз¬дар қауымы екені сөзсіз.

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңе¬сін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Осы орайда біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.

Мектеп жетістігі үшін биік парасаттылық, талмас еңбекқорлықпен ұжымды басқарып отырған Алматы қаласы Бостандық ауданы № 81 мектеп-гимназия директоры Көкебаева Гулмира Серікқалиқызының ерен еңбегі ерекше. Әсіресе, биылғы мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсыру кезінде оқушылардың ортақ көрсеткіші -120,6 баллды көрсетті.Мектеп бітірушілердің төрт оқушысы «Алтын белгі» иегері атанды.ҰБТ тапсыру кезінде 97-136 баллдың көрсеткішке ие болды. 46 оқушысы мемлекеттік грантқа ие болды. 6 оқушы Қытай, Түркия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына грантқа түсті.Міне, осындай жетістікке жету үшін барлық жанын салған мектеп директорына айтар алғысымыз ерекше.

2017-2018 оқу жылында мектеп ұжымы үшін де үлкен жетістіктер мен жеңістерге толы жыл болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді оқушылары — көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, ұжым абыройын асқақтатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана хал-қымыз айтқандай, осы орайда ұжымымдағы ұстаздардың еңбектерін айтып өтпеу мен үшін ата-ана ретінде әділетсіз деп білемін.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектептің педагогикалық ұжымы көптеген жетістіктерге жетуде, атап айтсақ, өткен 2017-2018 оқу жылында біраз жетістіктерге жетістіктерге қол жеткізді..

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде робототехникадан өткен V қалалық ғылыми жоба конкурсынан 11 сынып оқушылары Сматов Нұрмағанбет пен Балтабай Томирис жүлделі орындарды жеңіп алып, грант иегері атанды.

Оқушылардың қалалық ғылыми жобалар конкурсында 11 «ә» сынып оқушысы Өзенбек Еркебұлан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Көркем мәтіндегі диалектілердің этно-мәдени ерекшіліктері» атты ғылыми жобадан II орынды иеленді.
2018 жылдың 5-6 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «әл-Фараби»республикалық олимпиадасында 11 «ә» сынып оқушысы Өзенбек Еркебұлан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша II орынды иеленіп, осы оқу орнына грантқа ие болды.

7-10 сынып оқушылары Шакирхожа Илияс, Тлеуберді Мухаммадин, Жүнісбаев Марат, Узенбек Ерсултан, Сұлтанова Аяжан, Балтабайтегі Айжан,Темірхан Еркебұлан, Орақов Самархан, Иманкулова Дария, Маретбаев Марғұлан, Ерболқызы Рамина арасында өткен Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында 2017 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында НОУ «Robokidz Education» ұйымдастыруымен роботехникадан өткен Орта Азия мемлекеттері арасындағы Central Asia Robotics Challenge жарысына қатысып, 1-2 жүлделі орындарды иеленіп, үлкен абыроймен оралды.
05.05.2018ж «Қазақстандық білім беру және спорттық роботехника «Казроботикс» Федерациясы РҚБ «KAZROBOTICS-2018» республикалық сайысының облыстық іріктеу кезеңінде оқушыларымыз тағы жеңіске жетіп,абыройымызды асқақтатты.

Міне осындай жетістікке жетудің бірден-бір жолы мектеп басшысына байланысты.«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» деген екен ғалым Қаныш Сәтбаев. Өйткені ең алдымен өз кәсібіңе, өз пәніңе деген зор сүйіспеншілік болғаны абзал. Осынау сүйіспеншілік оқушы бойындағы білімге, пәнге деген алғашқы құштарлығын түртіп оятады. Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз. Осы орайда менің ата-аналар атынан мектеп басшысы Гулмира Серікқалиқызы мен шынында да бар саналы ғұмырын, жастық жолы мен күш қайратын, терең де телегей білімдерін шәкірттеріне арнаған ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шекіз. Осы орайда осы мектепте қызмет жасайтын мектеп ұжымымдағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін.


Канзада БЕРДЕНОВА,
№81 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста