Шымкентте жасөспірімдер сабаққа қару асынып келетін болған. Шымкент қалалық ішкі істер басқарамасының инспекторлары №39 мектептің 9 сынып оқушысын тапанша алып жүрген жерінен ұстап алды деп жазады Otyrar.kz.
Қазіргі таңда жасөспірімнен тәркіленген тапаншаға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеушілер қарудың қайдан шыққанын анықтауға кірісті.
Осы рейд барысында №2 мектептің оқушысы да қолға түсті. Ол пышақ алып, сабаққа баруды әдетке айналдырған. Енді балаларының суық қару алып жүргені үшін, ата-аналары жауапқа тартылады.
Айта кету керек, Шымкентте жасөспірімдердің суық қару мен атылатын қару ұстап жүруі жиілеп кеткен. Жақында ғана тапанша алып жүрген екі жеткіншек ұсталған еді.
Сабағына қару алып барған оқушылар ұсталды
Читайте также
Әкімқаралар қазақ мектептерін ашуға неге құлықсыз?!
Оқушы тоғызқұмалақтың электрондық бағдарламасын жасады
Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы салынды
Ахмет Байтұрсынұлы ордені үздік ұстаз-ғалымдарға табыс етілді
Мұхтар Құл-Мұхаммед қазақ ғылымын дамытудың жолын ұсынды
Балам ақылды болсын десеңіз...
Последние статьи автора