Туған еліне деген махаббатын шығармашылығымен жеткізіп, Отан алдындағы перзенттік парызын шығармашылық еңбегімен өтеп жүрген жандар аз емес.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі қоғамның міндеттері туралы өзінің мақаласында тарихты оның қозғаушы күші болып табылатын, біздің замандастарымыз, жеке тұлғалар жасайтынын атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстанның 100 тұлғасы - біздің осы уақытта өмір сүріп жатқан және жұмыс істейтін адамдар болып табылады.
Қазіргі Қазақстанның 100 тұлғасының бірі, қазақ халқының қызы деп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Нұршайықова Жанар Әзілханқызын мақтанышпен айтуға болады. Ол өзінің ата жолын жалғастырып келеді. Оның әкесі атақты жазушы Әзілхан Нұршайықов - Қазақстанның мәдени және әдеби мұрасының алтын қорының өкілдерінің бірі болып табылады.
Жанар Әзілханқызы - ата-анасының лайықты қызы. Ол ғылымның дамуына үлкен үлес қосып келеді, лингвистика, билингвизм, шетелдік студенттерге орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің мәселелері қарастырылатын оның 250-ден аса ғылыми еңбектері түрлі елдерде жарық көрді.
Ол барлық өмірін еңбекке арнады. Жанар Әзілханқызы атақты ғалым ғана емес, сонымен қатар шебер меңгеруші, дарынды педагог. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған кезінде кафедраның жұмысын қазіргі жаңа деңгейге көтерді: оқытушылар мен студенттерге арнап халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастырып отырды; жыл сайын шығып отыратын «Дайджест педагогических новаций» деп аталатын ғылыми мақалалар жинағының негізін салды. Ол студенттерді әдебиетке, поэзияға, музыкаға баули отырып, үлкен тәрбиелік жұмыстар жүргізді.
Ж.Ә. Нұршайықова жыл сайын Қазақстанның дарынды жастарының арасында әдеби жұмыстар бойынша байқау өткізіп отырады. Бұл байқауға жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары қатысады. Байқаудың негізін қалаушы ретінде Жанар Әзілханқызы және оның отбасы байқау жеңімпаздарын әкелері Әзілхан Нұршайықов атындағы сыйақымен марапаттап отырады.
Кафедраның жас оқытушылары Жанар Әзілханқызынан ғылыми қызығушылығы, шығармашылық энергиясы, барлық жаңаны қабылдау және құру, еліміздің ең үздік дәстүрлерін және мәдени мұраларын сақтау жақтарынан үлгі алу керек.
Біздің замандастарымыздың бетке ұстар тұлғасы Жанар Әзілханқызы Нұршайықова - қазіргі заманғы Қазақстанның 100 тұлғаның бірі болып табылады.
Оның денсаулығының зор болуына, біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның игілігі үшін одан әрі еңбек сіңіріп, шығармашылық жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Саденова А.Е., филол. ғыл. докторы
Ихсангалиева Г.Қ., филол. ғыл. докторы
Игнатова Е.Р. филол. ғыл. кандидаты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы