ҚазҰПУ-да «ТАБЫСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ» атты педагогикалық идеялар фестивалі өтті

ХХІ ғасырдың болашақ оқытушысы ретінде бүгінгі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде магистранттар ұйымдастыруымен педагогикалық фестивальге қатысып, өзімнің кәсіби салама керекті жаңа әрі тиімді әдістер мен түрлі сабақ өту тәсілдерін, жаңа технологиялырадың ең үздігімен бүгін танысуға мүмкіндік алдым. Барлық магистранттарда өздерінің кәсіби жолына керекті түрлі дүниелерді, әдістер мен тәсілдерді қоржындарына жинай алғаны көңіл күйлерінен көрініп тұрды. «Қазіргі заман – білімділер заманы, қазіргі заман – бәсекелес дәуірі»... Осындай бәсекеге қабілетті бола аларлық тақырыптар бүгін таңдалып, тереңінен талқыға түсті деп есептеймін. Фестивальға төрт институтымыздың магистранттары белсене ат салысып, әр институттан оқытушылар мен магистранттар фестиваль қонағы болды.
«Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,
Тәрбиесін береді білімменен..» деген президентіміздің ұстаздар туралы қанатты сөзінен бастау алған фестивальдың мақсаты – магистранттың инновациялық, педагогикалық тәжірибесін насихаттау, тәжірибе алмасу болып табылды және фестиваль ол мақсатына жетті деп ойлаймын. Барлық магистранттар педагогикалық жаңа тәсілдерді, сабақтың жаңа түрлерін, жаңа өткізу формаларымен таныса алды.
Фестиваль бес сабақты қамтыды. Сабақтар педагогика пәнінің өзекті мәселелерін қарастырды. Фестивальдің негізгі жаңашылдығы барлық сабақтар интербелсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңашыл ақпараттық технологияларды пайдаланып, әр түрлі формада өтті. Бірінші кезекте, 1-курс магистранттары Мұқаш Мадина мен Нысан Гүлшат «Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлары» тақырыбындағы дәріс кері байланысмен формасындағы сабақ жаңа технологиялармен түсіндірді. Атап айтсақ, «kahoot», «plickers» бағдарламаларын қолдана отырып, уақытты үнемдеп әрі сабақты қызықты етуге болатынын көрсетті. Сабақ үстінде студенттердің білімін бағалауға артық уақытты жұмсамай, әрі әділ бағасын компьютер арқылы автоматты түрде көз алдында шығарудың таптырмас жаңа әдісімен таныс болдық. Бұл бағдарламалардың артықшылығы да осында, алдын ала оқытушының және студенттің компьютеріне орнатылған бағдарламалар болса болғаны. Маған, жаңа технологияны сабаққа тиімді енгізе білгені үшін, осы топтың сабағы «инновациялық» жағынан озды дер едім. Келесі, Абдуллаева Асем «Жасөспірімдердің әлеуметтенуіндегі мәселелер» тақырыбына семинар іскерлік ойынын ұсынды. Менің ала алғандарым, студенттерді семинар сабағында топқа бөлу арқылы, студенттердің ұжыммен жұмыс істеу қабілетін көбірек аша алуға көмектеседі. Әр студент топпен бірігіп жұмыс жасай отыра, өздерінің жеке пікірін аргументтермен қорғай алуы тиіс. Уақыт сол себепті де көп кетеді, дегенмен ұзақ семинар сабақтарына таптырмас тәсіл деп ойлаймын. Жасөспірімдердің әлеуметтенінің қазіргі кездегі ең өзекті деген мәселелер толығымен ашыла алды. Студенттер сабаққа қатыса отырып, ол мәселелердіқыз талқыға салып, идеал адамның суретін салуға тырысты. Бұл тәсіл, идеал адамды сала отырып өзі де соған ұмтылуға тырысады деп ойлаймын. Келесі кезекте, Псурова Меруерт «Сынып жетекшінің тәрбие жүйесіндегі қызметі» семинар-саяхатын өтті. Сынып жетекшіге берілген анықтамалар, сынып жетекшінің міндеті, атқаратын қызметі, жаңа әдістері мен тәсілдері көпшілікпен талқыға салынып, сабақтың көздеген мақсатына жетті деп ойлаймын. Сабақта қолданылған «шаттық шеңберінен» бастап студенттерге белгілі бір мақсат қойылды. Студенттер сұрақтарға белсене жауап бере отырып, мақсаттың шың басына жеткісі келді. Аудитория толығымен қатысып, сынып жетекші туралы ұғым толығымен ашылғанына көзіміз жетті. Сынып жетекішіні тарихы туралы да біраз мәліметтер ала алдық. Аханбек Аида мен Зекеева Ұлпан «Мектептегі оқыту әдістері» семинар сабағын Web-сайт жүйесінде өткізді. Жаңа технологиялық әдіспен таныса алдық. Сонымен қатар, сұрақтарға жауап іздеу арқылы мектепке керекті оқыту әдістерін біліп алдық. Соңғы кезек, Керімбаева Қаламқас пен Жұмагельдиева Ақботаның «Отбасындағы тәрбие әдістері» дәріс сұрақ-жауап-талдау түрінде берілді. Барлық магистранттар бала тәрбиелеудегі, отбасында берілетін тәрбиеге байланысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Дәріс болғандықтан жаңа технологиядан көрі, сабақты өткізудің жаңа әдісін көре алдық, сонымен қатар отбасы тәрбиесі туралы тақырып жақсы ашылды деп ойлаймын. Осылай бес түрлі сабақтан әрі теориялық, әрі оқыту әдістерін, әрі жаңа технологиялық әдістерімен таныса алдым, сабақтар өз дәрежесінде, әрі қызықты, әрі пайдалы сабақ болып өткізілді. Сабақ өткізген студенттердің қобалжып, сабақты бұзып алу жағдайлар болмағаны көңіл қуантады.
Интербелсенді сабақтар өткізіп болған соң, келесі кезек ҚР тәуелсіздігінің 25ж арналған магистранттардың әзірлеген көрінісі қойылды. Көрініс патриоттық үлгіге негізделіп, Жерді қорғау, Отанды қорғау басты мақсат екені, тәуелсіздік жолында күресуден қорықпай, тайсалмау керектігін көрсетіп үлгі көрсетті. Рөл сомдаған барлық актерлер өзінің рөлін тапқырлық пен талантымен алып шыға алды деп ойлаймын.
Келесі кезек әділ сарапшылардың сабақ өткен магистранттарға орын беріп марапаттауымен жалғасты. Орын, магистранттардың аудиторияны қаратып ала алуына, дұрыс ұйымдастыруына, сабақтың тақырыбын аша алғанына, жаңа технологияларды қолданғанына қарап сараланды. Жүлдегерлерге сертификат және кәсіби оқыту мамандығының магистранттары өз қолымен жасалған сыйлықтар тағайындалды.
Фестиваль аяқталған соң, сөз соңы «Табыстылыққа жол» педагогикалық идеялар фестивалінің ұйымдастырушысы, педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Абсатова Марфуға Абсатқызына сөз беріліп, фестиваль қорытындыланып, 4 сағатқа созылған фестиваль:
«Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен – ертеңгі бәйтерек болашақтың,
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың!» - конференция өзінің мәресіне жетті.
Мұғалімге артылған жүк қашанда ауыр әрі жауапты. Сонымен қатар, қызықты... Мұғалім жаңашыл болуы керек, білімді болуы керек, шығармашыл идеяларына шек қоймауы қажет. Мұндай фестивальдер көбірек бола бергені дұрыс деп ойлаймын. Әдістер алмасылуы тиіс, жаңа тәсілдерді игеруге таптырмас жер, жаңа қандай технологияларды тиімді қолдануға болатынын біле алатын фестиваль болып өтті деп ойлаймын.

Жазира САДУ,
Физика, математика және информатика
институтының І курс магистранты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста