Қазақстандық студент Huawei телефонының жаңа үлгісін құрастыруға қатысып жатыр

Қазақстандық Бекжан Бекболатұлы телекоммуникация саласындағы әлемдік ірі компаниялардың бірі Huawei Тechnologies - тің лондондық офисінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Қазір ол телефонның жаңа моделін жасап жатқан командамен жұмыс істеп жатыр.

Бекжан Ақтаудың білім және инновация лицейінің түлегі. Ол бірнеше рет информатикадан өткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған.

Бүгінде ол оңтүстік кореялық университеттің үшінші курсында грантта оқиды. Бірақ IT-технологиялар саласындағы ірі компанияда тағылымдамадан өтуге шақыру алғаннан кейін академиялық демалыс алыпты.

Бекжан Бекболатұлы, «Huawei Technologies Ltd» компаниясының тағылымгері:

- Қазір мен жасанды интеллекттің жаңа әдістемелерін жасап жатырмын. Осы жылы шығарылатын телефондардың жаңа модельдеріндегі фотосуреттердің сапасын арттыру үшін оның қалай көмектесетіндігін зерттеу үстіндемін.

Бекжан жұмысқа бір ай бұрын ғана кіріскен. Сондықтан алдымен білімін жетілдіріп жатыр. Ғылыми әдебиеттерді оқып, негізгі команданың жұмысына қосылуға тырысуда. Жасанды интеллекттің кең етек жаюының арқасында жоғары біліктілікті аз қажет ететін салалардағы жұмыскерлердің саны келешекте кемитіндігіне көзім жетті дейді ол.

Бекжан Бекболатұлы, «Huawei Technologies Ltd» компаниясының тағылымгері:

- Меніңше, көптеген жұмыстарды жасанды интеллект роботтары атқаратын болады. Қазірдің өзінде жақын болашақта мамандықтардың 40% жоғалып, қарапайым шаруаларды роботтар атқара береді деген болжам бар.

Тағылымдама 8 айға созылмақ. Аяқталған соң Бекжан компаниямен келісім-шартқа отыруы мүмкін. Қалай болғанымен ол өз болашағын Еуропаның IT саласынан көріп отыр. Қазақстаннан әзірге жұмыс іздеуді ойластырмаған. Өйткені біздің елде бұл сала әлі бастапқы деңгейде, дейді ол. Бірақ келешекте туған жерінде еңбек етуді армандайды.

 24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста