Қазақстандық маман: Әлеуметтік желі халықты жаппай сауатсыз етуде

Қазақстандық маман: Әлеуметтік желі халықты жаппай сауатсыз етуде

Ауылдағылар ғаламтордың ғажабынан қағылдық десе, филолог желінің кесірінен қала жастарының арасында орфографиялық, грамматикалық сауатсыздық күшейгеніне алаңдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Бұрын көшедегі баннерлер қатеге тұнып тұрса, қазір әлеуметтік желіде өрескел олқылық көп дейді мамандар. 

 
Интернет адам тіршілігінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Жарнама, хат алмасу, пікір білдіру желіні жарып тұр. Бірақ бұл тірлікте тиімді болғанымен, кері әсерінің де бар екеніне көпшілік назар аудармайды. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін пайдаланатын ватсапп, инстаграмм, фейсбук секілді парақшаларда қазақ сөздері орыс дыбыстарымен өріп жүр. Мұны бәрі жақсы біледі, бірақ түзетпейді дейді филологтар.

"Сананы өзгерту қажет, сіз бен біз бір күнде шеше салатын техникалық зат емес бұл. Барлық жерде насихаттау қажет", - дейді филология ғылымдарының докторы Жантас Жақып. 

Әлеуметтік желідегі  сауатсыздық  үйреншікті дағдыға айналып бара жатқаны көңіл қынжылтады. Кейбіреулер мұны сленгтердің пайда болып, орыс тілді ортаға бейімделуінен туындаған проблема дейді. Алайда бұл туралы халықтың ойы екіге жарылды. 


Телефонға телмірген балалар семіздікке шалдығуда: Қазақстандық мамандар дабыл қақты

Нұр-Сұлтан кафесінде ер адам телефонын қуаттауға қалдырамын деп 130 мың теңгесінен айырылған

"Жеңіл болады, бәрімізде сол ғой. Тез жазу сияқты. Сынайтындар арасында жолығады. Соған үйреніп кетті ғой барлығы. Кейінгілерге әсер етуі мүмкін, қазір әсер етпейді", - дейді бірі. 

Ал кейбіреуі сауаттылық мектепте берілген білімге байланысты екенін айтады.

"Ол мектептегі тәрбиеге байланысты ғой. Мысалы менің немерем мына 67-мектепте оқиды. Ішінде қыздар, балалардың барлығы орысша сөйлейді. Сабақты қазақша өткенмен, орысша сөйлейді", - дейді ол.   

"Өйткені орысша жазып жатып, қазақша сөзді жазатын кезде клавиатураны ауыстыруға ерінеді кейбіреулері, тез-тез жазу үшін қазақша әріптің орнына орысша әріпті қолданып жазады сол деп ойлаймын", - дейді тағы бірі. 

Сауалнамадан байқағандарыңыздай, азаматтардың кейбірі қазақша пернетақтаның жоғын айтса, біраз жастарға қатемен жазу әдетке айналған. Ал аға буын өкілдері, қоғамдық сана өзгермей, тілге деген құрмет артпайды деп отыр.

Үкімет басшылары латын қарпіне көшсек, желіде желімдей жабысқан сауатсыздықтан құтыламыз дегенді алға тартады.  Бірақ филологтар мәселе мұнымен де шешілмеуі мүмкін дейді.   

"Әуелі қолданайық, жұрт қалай қабылдайды, содан белгілі болады. Ағылшын дыбысы мен қазақ дыбысының шатасуы болатын шығар. Айталық, -у- дың орнына –w- қойып дегендей", - деді дейді филология ғылымдарының докторы Жантас Жақып. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста