Қазақ жастары Enactus білімділер додасынан табысты оралды

Қазақ жастары Enactus білімділер додасынан табысты оралды

Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жүрген талапты жастар көптеген халықаралық білім сайыстарында жетістіктерімен ерекшеленіп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Қазақ баласының шет елді мойындатып, таным мен білімді бәсекеге түсіретін беделді жарыстарда өзінің өзгелерден еш кем емес екенін дәлелдеп жүруі бізді қуантатыны сөзсіз.
Жуырда Қытай астанасы Бейжіңде дәстүрлі Enactus World Cup Әлемдік Кубогы үшін білімді жастар додасы болып өтті. Бұл зерделі жастар үшін күз айындағы көптен күткен елеулі ерекше оқиға еді. Аса мән беріп атап өтер бір жай, аталған чемпионат – бұл студенттердің кәсіпкерлік саладағы халықаралық бағдарламасы. Enactus жобасының ресми сайты келтірген мәліметтерге сүйенсек бұл – белсенді студенттерді, академиялық және іскер көшбасшыларды бірлестіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Олар бірлесіп мұқтаж адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсарту үшін кәсіпкерлік тәсілді қолданады. Enactus студентері бизнес-көшбасшының қолдауын алған соң, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде жобаларын жасап, жүзеге асырады. Әлемнің KPMG, Ernst & Young, Walmart, Metro, Dell, Microsoft, Henkel, Procter&Gamble, Unilever, HSBC, UMB Bank, Danone, Nestle, BIC, Energizer, PepsiCo, Coca-Cola (барлығы 350-ден астам халықаралық корпорациялар) сияқты жетекші компаниялары бағдарламаның дамуын белсенді қолдайтын Enactus-тың серіктестері болып табылады. Жобаларды жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе тек адамдардың өмірін өзгертіп қана қоймай, студенттерге нағыз көшбасшы болуға көмектеседі. Enactus командалары адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған, коммерциялық және әлеуметтік жобаларын жасап, жүзеге асырады. Командалар жобалардың ауқымы мен сандарын, бағыттары мен жүзеге асыру мерзімдерін өздері таңдайды. Бұл ретте Командалар өз жобаларын оқытушы-куратор мен бизнес-кеңесшілердің (кәсіпкерлер, жергілікті бизнестің көшбасшылары) көмегіне сүйене отырып жүзеге асырады. Аяқталған жобалардың нәтижелері жыл сайынғы аймақтық, ұлттық, әлемдік конкурстарда бағаланады.
Биылғы жылы Қазақстан намысын қорғаған жастардың арасында Қазақ ұлттық аграрлық университеті студенттерінен құралған команда жоғары нәтиэжеге қол жеткізді. Университет командасы белсенділік пен ұйымшылдықтарының нәтижесінде еліміздің мәдениетін халықаралық жәрмеңкеде жақсы қырынан таныта білді. Сонымен бірге бәсекелестік барысында топты жарып, лигадағы үшінші орын мен арнайы кубокты жеңіп алды. Қазақстан командасының АҚШ, Франция, Бразилия, Жапония, тағы басқа да елдермен деңгейлес болуы үлкен жетістік. Мұндай атауға тұрарлық нәтиже команданың ерен еңбектері мен жүйелі жұмыстары арқылы болды. Жоғарыда аталған чемпионат кеңсесі Қазақ ұлттық аграрлық университеті әкімшілігінің ұтқыр ұйымдастырушылығын айырықша атап көрсетті.Өйткені оның көптеген студенттері жетістіктері мен тәжірибелері арқылы алдыңғы қатардан көрінді.
- Enactus-тан біз мол тәжірибе алдық Осы жерде, бізге барынша қолдау білдірген университет ректоры, академик Тілектес Исабайұлы Есполовқа да ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Өзімізге артылған сенімді қолдан келгенше ақтауға тырыстық. Мұндай әлеимдік білімділер сайысында 50 шақты елдің жастарының арасынан жүлделі үшінші орын мен арнайы кубокты иеленуіміз – біз үшін үлкен жетістік. – дейді жарысқа қатысушы жастар.
Қазіргі кезде Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану аясында магистранттар мен докторанттарды дайындау ісін жаңаша бағытпен дамытып отырған оқу орнында 6 мыңға жуық оқитын жастардың 1 мыңан астамы магистранттар мен докторанттар. 2008 жылы университетте 10 ғана зерттеу зертханасы жұмыс атқарса, қазір олар 31, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру 2008 жылы 110 млн. теңгені құраса, өткен 2013 жылдың зерттеу жобалары 420 миллиондық айналыммен аяқталды. Алдағы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсаттық және гранттық қаржыландыру конкурсына университет бойынша 108 жоба ұсынылды. Оның ішінде 36 - жоба табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу, 16 жоба – энергетика және машина жасау, 3 жоба – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, 45 жоба – өмір туралы ғылым, 8 жоба – елдің интеллектуалды потенциалын зерттеу бағыттарына арналған. Бұл ретте университеттің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жобаларын дайындап, ұсынуға қатысу көрсеткіші 80 пайызды құрайтынын атап өту керек. Аталған ғылыми бағыттар студент жастардың интеллектуалды әлеуетін жоғарылату үшін айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста