Қазақ диаспорасының студент жастарымен кездесу

Отандастар қоры мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының ұйымдастырумен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде шет елдерден келіп, оқып жатқан қазақ диаспорасының студент жастарымен кездесу өтті. Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және басқа да шет елдерден келген қазақ диаспорасының студент жастары ықтияр хат, азаматтық алу, оқуға түсу мүмкіндіктері, мемлекеттік квоталарды пайдалануы және тағы да басқа мәселелерді ортаға салды.
Қазақстанда дайындық курстары, бакалавриат және магистратурада оқып жүрген шет елдерден келген қазақ диаспорасының жастары Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, еліміздің өсіп өркендеуіне өзіндік үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді. Бүгінгі күні Қазақстанда шет елдерден келіп, 18 жоғары оқу орындарында 992 қазақ диаспорасының жастары даярлық курстарында оқып жатыр.


Кездесу барысында оралман мәртебесін және азаматтық алуға қажет құжаттарды жинауда туындайтын мәселелер кеңінен талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылды. Сондай ақ, мемлекеттік қызметтерді алу үшін сұратылатын құжаттардың бекітілген тізіміне өзгерістер енгізу, студенттердің тұрақты мекен жай бойынша тіркелуі, азамматтық алуға жеңілдетілген тәртіппен құжат тапсыру және тағы да басқа сұрақтар көтеріліп, тиісті сала мамандарының жауаптары берілді.
Кездесуге ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Гүлмира Әлиайдарқызы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы Айтқұлов Дастан, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің өкілі Зайлашова Гүлдана, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау мен мониторинг жүргізу және сараптау басқармасының басшысы Күзетбаев Марғұлан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Отандастар қоры мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Жастардың ортаға салған барлық сұрақтарына қатысты мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандары тарапынан тұшымды жауаптар беріліп, осындай бас қосуларды жиі өткізуге уағдаласты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста