Қашықтан оқыту – уақыт талабы

Қашықтан оқыту – уақыт талабы

XXI ғасырда қашықтықтан оқыту-үздіксіз білім беру үдерісінің қажетті құрамдас бөлігі.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірінші болып білім берудің барлық деңгейлеріндегі қашықтан білім беру технологияларын іске асыру үшін ақпараттық жүйелердің әзірлігін қамтамасыз етті және қашықтан оқытуға көшуді жүзеге асырды. Қашықтан білім беру технологиясын іске асыру үшін: Univer 2.0 https://univer.kaznu.kz/, қож MOODLE - https://dl.kaznu.kz/, OPEN KazNU http://open.kaznu.kz/, Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасы http://moocs.kz/, Campus үшін Coursera секілді ақпараттық-білім беру жүйелері қолданылады.

 

 

         Бұл платформалар курстар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің базасын қалыптастыруға, жеке немесе топтық дәрістер өткізуге, тапсырмалар беруге, студенттердің тапсырмалардың орындалуын бақылауға, курстың даму дәрежесін бағалауға және т.б. мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту форматы оқытушылармен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуді, сондай-ақ ұсынылған материалды өз бетінше зерделеуді білдіреді. Студенттер лекцияларға қатысу үшін және оқу үдерісінің барлық қатысушылары үшін online-коммуникацияны қамтамасыз ететін баламалы: Microsoft Teams, Skype, Zoom IT-құралдарын пайдалана алады.

 

         Әрине, қоғам дамуының қазіргі технологиялық кезеңінде Интернет арқылы оқыту енді оқытудың қосымша түрі ретінде қарастырылмайды. Интернеттегі оқыту жеке оқуды да, жеке оқыту әдістемесін де қажет ететін жеке толыққанды білім беру платформасы ретінде қарастырылуы керек.

 

         Пандемияға (COVID-19) байланысты әлемнің көптеген елдерінде мектептер мен университеттерді қашықтан оқытуға шұғыл көшуге алып келді. Оқытудың онлайн-режимге жаппай көшуінің бұл кезеңі, біріншіден, онлайн-оқыту үшін білім беру платформаларының әзірлену жай-күйін, екіншіден, студенттердің де, жоғары оқу орындары оқытушыларының да техникалық сауаттылық деңгейін, үшіншіден, Қазақстан халқына қашықтан білім алудың қолжетімділігін тестілеуге мүмкіндік берді. Әрине, пандемия кезеңінде алынған тәжірибе IT-саланың сапалы жаңа деңгейге шығуына ғана емес, сонымен қатар Білім және ғылым саласындағы түбегейлі реформаға әкеледі.

 

 

         Онлайн-оқытуға көшу оқытушылар үшін де, студенттер үшін де елеулі сынақ болғанына қарамастан, бүгінгі күні шетелдік тыңдаушылар үшін қазақ және орыс тілдері бойынша онлайн-сабақтар өткізуде оң тәжірибе бар. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары онлайн-сабақты виртуалды аудиторияға айналдырып, білім алушыларға әлемнің кез келген нүктесінен білім алуға мүмкіндік береді. Уақыт белдеулеріндегі айырмашылыққа қарамастан, қазіргі уақытта өз Отанында жүрген біздің студенттер кесте бойынша сабақтарға қосылады және кафедра оқытушыларының көмегімен қазақ және орыс тілдерін меңгеруді  жалғастыруда. Шетелдік студенттер кафедра клубтарының танымдық іс-шараларына, кафедра оқытушылары ұйымдастыратын концерттер мен онлайн-экскурсияларға үлкен ықыласпен қатысады.

 

Осылайша, 4 желтоқсанда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдығына арналған Халықаралық студенттік  тілдер және мәдениеттер фестивалі аясында Ашық есік күні өтті. Іс-шара онлайн форматта өткізілді, студенттер қазақ, орыс және ана тілдерінде өлеңдер оқыды, әндер айтты. Өткен жылдары бітіріп кеткен Италия, Қытай, Үндістан, Корея, Ресей елдерінен түлектеріміздің жолдаған алғыстары мен бейне-құттықтаулары кафедра ұстаздарын қуанышқа бөледі.  

 

 

 

Ұ. Е. Мұсабекова, А. Е. Саденова

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста