Педагогикалық ЖОО түлектері міндетті түрде сертификаттаудан өтеді

Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген барлық түлек сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдан бастап-ақ ілкі режімде сертификаттау процедурасын бастағымыз келеді. Яғни, ағымдағы оқу жылында педагогикалық жоғары оқу орындарының барлық түлектерін сертификаттаудан өткізуді жоспарлаудамыз. Бұған қоса, бізде мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тесті дайын. Биыл 33 мыңнан астам болашақ педагог оқу орнын бітіреді және біз оларды сертификаттаудан өткізбекпіз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті.

«Бізге кәсіби стандарттар қажет, олар өте аз. Сертификаттау орталығы да керек. Өкінішке орай, бұл жерде жауапқа қарағанда сұрақтар көп», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, біліктіліктің ұлттық шегін де жетілдіру қажеттігі туындап отыр.

«Бізде біліктіліктің ұлттық шегі бар. Өкінішке орай, жоғары білім беру жүйеміздің өзін сертификаттамақ болып, Еуропалық одақтың жетекші сарапшыларын шақырғанымызда олар төртінші, бесінше деңгейдегі «қысқа цикілдерде» сәйкессіздіктердің бар екендігін көрсетті. Бұл жерде біліктіліктің ұлттық жүйесіне заңнамалық өзгертулер және реттеу енгізуіміз қажет», - деді вице-министр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста