Павлодарда баланы ұрған балабақша тәрбиешісі видеоға түсіп қалды

Павлодарда балабақша қызметкері төсекке жатпағаны үшін баланы соққыға жыққан. Оқиға мектепке дейінгі мекемеде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қызметкер жұмыстан босатылып, оған қатысты материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда балабақша қызметкері кішкентай қызды ұстап алып, қалай төсекке күштеп жатқызғаны, кейін үстін жауып, қолымен бірнеше рет ұрғаны көрсетілген.

 

 

Қалалық білім бөлімі мәліметінше, оқиға Павлодардағы №4 балабақшада болған. Баланың анасы мектепке дейінгі мекеме әкімшілігіне қызының аяғындағы көгерген жеріне шағымданған.

 

"Бейнебақылау камерасын тексеру кезінде тәрбиеленуші кереуеттің шетіне өзі соғылғаны анықталды. Алайда камералардан жазбаларды одан әрі қараған кезде тәрбиеші көмекшісінің "Б" кіші тобының тәрбиеленушісін ұрғаны анықталды. Бұл жағдай 9 тамызда ұйықтайтын бөлмеде балаларды күндізгі ұйқыға жатқызу кезінде болған", - деп түсіндірді Павлодар Білім беру бөлімі өкілі.

 

Ведомство мәліметінше, мектепке дейінгі ұйым басшысының міндетін атқарушы және кіші топ тәрбиешісінің көмекшісінен түсініктеме алынған.

 

"Жұмыс берушінің бастамасымен кіші топ тәрбиешісі көмекшісінің еңбекшарты бұзылды. Дұрыс бақыламағаны үшін мекеме басшысының міндетін атқарушыға сөгіс түрінде тәртіптік жазалау шаралары қабылданды", - деді Павлодар қаласының білім беру бөлімі қызметкері.

 

Барлық материал құқық қорғау органдарына жіберілген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста