Оралда мектептегі қыздар дәретханасына бейнекамера орнатқан (фото, видео)

Оралда мектептегі қыздар дәретханасына бейнекамера орнатқан (фото, видео)

Оралдағы мектептердің бірінің жоғары сынып оқушылары мектептегі әйелдер дәретханасына бейнекамера орнатылғанына шағымданды. Мектеп әкімшілігі камераның шынайы еместігіне сендіруде деп жазады "Уральская неделя".

 

№26 орта мектептің жоғары сынып оқушылары әжетханаға орнатылған бейнекамераны телефондарына видеоға түсіріп алған.

 

 

Бастапқыда білім беру мекемесінің әкімшілігі камераның бар екенін жоққа шығарғанымен, кейінірек оның бар екенін мойындады. Алайда директордың айтуынша, бұл кезінде алып тастауды ұмытып кеткен камераның көшірмесі ғана екен.

 

 

Камера түсірілген видеоны "УН" редакциясына есімдері жасырын қалғанын қалаған №26 орта мектептің жоғары сынып оқушылары жіберген. Мектеп директоры Ләззат Қастуғанова тілшілермен телефон арқылы сөйлескенде мектеп дәретханасында камераның болуы туралы сұраққа таң қалып, мектептегі әжетханада камераның жоқ екенін айтқан.

 

"Сіз ештеңені шатастырмадыңыз ба? 26 мектеп? Бізде ол жерде мүлде камера жоқ. Тек 12 камера мектептің сыртында және 24 камера мектептің ішінде қойылған, барлығы 36 камера бар. Бірақ камераның бәрі дәліз бойында, мектеп ішінде және т.б. жерлерде. Дәретханада болған емес және болмайды. 26-шы мектеп емес шығар? Бізде 1, 2 қабатта әйелдер дәретханасы бар, бірақ онда камера жоқ. Видеоны жібере аласыз ба, қандай дәретхана екенін көрейін", - дейді Ләззат Қастуғанова. Бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін, директор камераның муляж екенін мәлім еткен. "Бұл әжетхана бастапқыда ер адамдарға арналды. Қыркүйекте, жөндеу жұмыстарынан кейін біз оны аштық, бұған дейін ол жабық болатын. Бірақ жоғары сынып оқушылары дәретханада сыныптастарын бопсалауды шығаратын болды, сондықтан біз муляж (камера - ред. ескертпесі) қойдық. Біз бәрін көріп, қарап отырғандай кейіп таныттық, себебі оларды бопсалау үстінде ұстап алу мүмкін болмады. Бұл муляж төмен қаратылған күйде ілулі тұр. Кейін әжетхананы қыздардың қолданысына берген кезде, біз оны алып тастауды ұмытып кеттік. Ал қыздар, оны (видеоға - ред. ескертпесі) түсіріп, сіздерге жолдаған", - деп түсіндірді ол.

 

Мектеп әкімшілігі камераның еденге бағытталғанын және камера сымының қабырғаға жалғанбағанын көрсетті. Директормен сөйлескеннен кейін тілшілер муляжды өз көздерімен көру үшін мектепке жол тартқан. Ләззат Қастуғанова мектептегі "камера" тұрған әйелдердің дәретханасын көрсеткен.

 

 

Соңында директор өзінің кабинетіндегі мониторды да көрсетіп, онда бейнебақылау камераларындағы жағдайды бақылауға болатынын назарға ұсынды. Монитордан дәретханадағы камераның қосылмай тұрғанын аңдауға болады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста