Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
 
«1 ақпандағы мәліметке сәйкес, оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша 752 жағдай тіркелген. Оның 156-сы кезекші сыныпта оқитын, 596-сы қашықтықтан оқитын оқушылар арасында. Оқу жылы басталғалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 75 мектеп карантинге жабылды. Қазір 21 мектепте карантин режимі жалғасуда», - деп хабарлады Сархат Бейсенова.
 
Сондай-ақ коронавирус жұқтыру фактісі студенттер арасында да тіркеген: колледж студенттері арасында &ndash 32, ЖОО студенттері арасында &ndash 113.