Назарбаев Зияткерлік мектептерінің сертификатын Германияның ЖОО тікелей білім алуға жарамды деп тапты

Зияткерлік мектептердің сертификаты тағы бір халықаралық мойындауға, яғни Германия Федеративтік Республикасының жоғары бағалауына ие болды, - деп хабарлайды Елорда инфо.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі мәлімдегендей, ГФР Білім және мәдениет министрлер кеңесі неміс елінің жоғары оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне арналған арнайы нұсқаулық жіберді.

«Кеңес Зияткерлік мектептер түлектерінің сертификатын Германияның жоғары оқу орындарында тікелей білім алуға жарамды деп тапты. Бұл туралы ГФР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльдің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға жолдаған ресми хатында жазылған», - делінген хабарламада.

Хатта неміс университеттері студенттерді қабылдау туралы шешім қабылдауда тәуелсіз екендігі түсіндірілген. Алайда, Білім және мәдениет министрлігінің жанындағы Тұрақты конференцияның Кеңесі нұсқаулық негізінде шетелдік мектеп сертификаттарын тану туралы өз университеттеріне ұсыныс жасауға құқылы.

NIS Grade 12 Certificate математика, техника, ғылым, медицина, қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, тіл салаларында, сондай-ақ спорт және өнер мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында салалық оқытуға мүмкіндік береді, делінген Рольф Мафаэльдің хатында.

Бұл Зияткерлік мектептердің түлектері Германияның ЖОО-ларына Foundation курсын оқусыз, тікелей бірінші курсқа қабылданады деген сөз.

Нұсқаулық 2018 жылғы жазғы семестрден бастап күшіне енеді.

Неміс Кеңесінің шешімі Зияткерлік мектептердің халықаралық жетістіктерін растап, қазақстандық-германдық білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа сатыларға жол ашады.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста