Назарбаев мектептерді 5 күндік оқу жүйесіне көшіруге пәрмен берді

Білім саласындағы кезекті реформа миллиондаған оқушыларды қуантып қойды! Бүгін Парламент сессиясының ашылуында сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық мектепті 5 күндік оқу жүйесіне көшіруге пәрмен берді. Яғни, таңнан қара кешке дейін сөмке арқалап, қатарынан алты күн сабаққа баратын оқушылардың енді жүгі жеңілдейтін болды. Сондай-ақ, саны көп, сапасы жоқ кейбір пәндер қысқартылмақ. Ал мұндай жаңашылдыққа ұстаздар да қуанып отыр.
Тың бастама іске асса, оқушылар үшін ауыртпалық азаймақ. Яғни, сабақты қазіргідей қатарынан алты күн емес, тек бес күн оқиды. Миллиондаған шәкірттерге мұндай жеңілдік жасауды бүгін Елбасының өзі ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Дамыған елдердің көбінде 5 күндік, тіпті 4 күндік оқу жүйесі енгізілген. Сабақ қысқарған кезде білім беру нәтижесі жақсаратынын ғалымдар дәлелдеді. Өйткені, балаға өзін қалпына келтіруге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан бізге де осы жүйеге көшу керек.

Елбасының бұл тапсырмасы су жаңа Білім министрі Ерлан Сағадиев үшін нағыз сынақ болғалы тұр. Өйткені, бұл оның еліміздің бас ұстазы ретінде атқарар алғашқы реформасының бірі. Сондықтан тапсырманы дереу орындауға кіріскен Сағадиев, тым асығыс.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Тапсырма берілді. Енді сол тапсырманы іске асыру үшін қазір жұмыстарымызды бастаймыз. Бір-екі жетінің ішінде ашық түрде ресми түрде өзім түсіндіріп беремін. Жарай ма? Жобаларымызды дайындайық.

Бұл жаңалықты естіген мұғалімдер де бастаманы қуана қолдап отыр. Өйткені, алты күн сабақтан бас алмайтын оқушылардың шығармашылықпен айналысуға уақыты жоқ дейді ұстаздар.

Шәрбану Күдерина, Астана қаласы №4 мектеп-гимназияның мұғалімі:

- Бес күндік сабақтың болғаны оқушылар үшін тиімді ең бірінші. Себебі оқушылар ата-анасымен көбірек сенбі күні болады. Мұғалімдер үшін де тиімді. Себебі ол күндері мұғалімдер ең бірінші шығармашылықпен айналысады әрі өздерінің отбасыларына да қарайды.

Білім министрлігі, 5 күндік сабақты көп күттірмей, биылдан бастап енгізуге дайын. Әзірге, 1-ші сынып оқушылары үшін. Кейін бір-бірте бұл жүйеге барлық мектеп көшірілмекші.

Оқушыларды ғана емес, ел мұғалімдерін қуантып қойған бастама жүзеге асса, балалардың оқу үлгерімі де жақсарады деген үміт бар. Ал, президент бұдан бөлек, мектепте оқытылатын пәндерді де қайта қарап шығуды жүктеп отыр. Сөйтіп саны көп сапасы жоқ сабақтарды оқытып, ұл-қыздардың миын ашытқанша қажетсіз пәндерді біріктіруге пәрмен берді. 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста