Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жақында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деңгейінде Наурыз мерекесін атап өтуге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.
Бұл мерекеге шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының барлық оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония, Америка және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Мереке барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан халыққа ортақ мереке екеніне, мемлекет қолдауымен тойланатынына, үлкен дүбірлі той орталығына айналатынына куә болды.
Сонымен қатар,осы ұлы мерекеде шетелдік студенттер қазақ ұлтының нақыштарын көріп, киіз үйлердің тігілгенін тамашалап, қазандарда наурыз көже пісіріліп жатқанын тамашалады. Тойға жиылған қауым бір-бірімен жүздесіп, көрісетінін білді. Бұл мерекеде ұлттық тағамдар – бесбармақтан, қуырдақтан, бауырсақтан, ақтан жасалған түрлі тағамдардан дәм татып көрді.
Осы мереке күні өткен түрлі салт-дәстүрлерді дәріптейтін көріністерді және ойын-сауықтарды (келін түсіру, тұсау кесу, теңге алу, палуан күрес және т.б.) тамашалап, бойжеткендер мен бозбалалар алтыбақанда ән шырқайтынын қызықтап, өздері де осы өтіп жатқан іс-шараларға белсене қатысты.
Мереке барысында «Қара жорға» биін шетелдік студенттер басқа да студенттермен бірге қосылып билеп, флэш-моб өткізді. Сондай-ақ, қазақша ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Осы іс-шара арқылы шетелдік студенттер "Ұлыстың ұлы күні" аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын, Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алғанын, Наурыз (парсыша «нау» - жаңа, және «руз» - күн ) - жаңа жылдың бірінші күні, көктемнің басы, жаңару күні екенін, қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайтынын, халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естілетінін, мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана еститінін, бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылатыны туралы тарихи мәліметті университет көлемінде өткен мерекелік үлкен концертті тамашалау арқылы білді.
Шетелдік студенттер өздері осы Наурыз мерекесін тойлауға қатысу арқылы Қазақстан Республикасындағы "Ұлыстың ұлы күні" наурыз мерекесінің тойлануымен таныса отырып, елімізде бұл мереке кезінде салт-дәстүрмен толық танысып, ұлттық тағамдардан дәм татуға болатынын білді.
«Наурыз – халықаралық мейрам!» атты университет көлемінде өткен мерекелік іс-шара барысында факультеттер арасындағы ұйымдастырылған «Ең үздік ауыл» атты конкурсқа шетелдік студенттердің белсенді, жоғары деңгейде, мәдени диалог түрінде қатысуымен бас жүлдені жеңіп алды.
А.Е. Саденова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының доценті,
филология ғылымдарының докторы.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста