Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына қатысты жауап берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вilim-all.kz-ке сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, бізде тыйым салу деген оңай. Бірақ тыйыммен барлық мәселе шешілмейді. Ол мұғалім болғаннан кейін балалармен тиісті жұмыс жүргізуі керек. Сонымен қатар, біз барлық мектептерге арнайы құзірет бердік. Ол қандай құзірет ? Әр мектеп өзінің ішкі ережелерін өздері қабылдайды. Соның ішінде телефон қолдану тәртібін де бекітуге болады. Кейбір мектептерде сабақ басталған уақытта балалар телефондарын тиісті жерге қойып қояды. Ал енді кейбір мектептерде кіреберісте арнайы жәшікке қалдырып кетеді телефондарын. Ол бірінші кезекте мектептің қомқоршылық кеңесі мен педагогикалық кеңесінің құзыретінде», - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

 

Брифингі аясында министр шетелдік педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібін де түсіндірді. Айтуынша, педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлер Ұлттық біліктілік тестінен өтуі тиіс.

 

Қоса кетсек, сонымен қатар таяуда Қазақстанда «Педагог» кәсіби стандарты қабылданады. Мәлім болғандай, оның енгізу жұмыстары аяқталуға жақын.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста