Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?

Мектеп асханасында оқушылардың түскі ас мәзіріне не кіреді?

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі оқушылардың мектеп асханасында түскі ас ішуге орта есеппен қанша жұмсайтынын мәлімдеді.

Мемлекет көпбалалы немесе күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан оқушылар мен жетім балаларды тегін түскі аспен қамтиды.

Өңірлік әкімдіктер оқушыларға түскі ас ұйымдастыруға жауапты. Мысалы, Астанада жергілікті бюджеттен бүкіл бастауыш сынып оқушылары үшін түскі асқа қаражат бөлінеді.

2015 жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен бірге бірыңғай нормаларды жасап шығарды. Оқушылардың жас ерекшелігі де ескерілген. Тамақтану бойынша бірыңғай стандарттар былтыр жыл соңында қабылданды.

"Жергілікті атқару органдары оқушыларды бір реттік түскі аспен қамтамасыз еткенде үкімет бекіткен ережелерді сақтауы тиіс. Тамақтану құны бір бала үшін 545 теңге тұрады", — делінген министрліктің Sputnik-ке берген жауабында.

Ас мәзіріне не кіреді

Оқушының дұрыс дамып-жетілуі үшін рационында ет, көкөністер, жемістер, сүт тағамдары (сүт, ірімшік) және бал болуы тиіс.

Төрт апталық ас мәзіріне келесі бірінші тағам түрлері кіреді: борщ, бұршақ және көкөніс сорпалары, дәнді-дақылдар сорпасы, үй кеспесі, щи, қышқылтым көже, харчо. Екінші тағамға асханаларда рагу, палау, голубцы, тефтель, котлет, гуляш, суға пісірілген тауық ұсынылуы тиіс. Гарнир ретінде көбінесе картоп, дәнді-дақылдар және макарон өнімдері беріледі. Сонымен бірге ас мәзіріне көкөніс салаттары, сусын (шырын, компот, кисель, сүт) және жемістер кіреді.

Мектептерде фастфуд, фритюрада қуырылған тағамдар, крем жағылған кондитерлік өнімдер, қаймақ және майонез қосылған салаттар мен ащы соустарға тыйым салынады.

Сонымен бірге асханада тұтынушы қаптамасына оралған кондитерлік өнімдер мен тәттілер (шоколад, конфет, печенье), тәтті сусындар сатуға болмайды.

Sputnik

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста