Маңғыстау облысында мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинаған

Маңғыстау облысында мектеп директоры мұғалімдерден ақша жинаған

Маңғыстау облысында мұғалімдерден заңсыз ақша жинаған мектеп директоры ескерту түрінде жаза алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Inaktau.kz сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің директоры мұғалімдерден ақша жинап, оларға өз міндеттеріне кірмейтін жұмыстар жүктеген. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ хабарлады.

 

2021 жылы департаментке педагогтардан олардың құқықтарының бұзылғаны туралы төрт өтініш келіп түсіпті.

 

"Мәлімдемелердің бірінде мұғалімді заңсыз жұмыстан шығару туралы айтылған. Бұл өтініш департамент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органда қаралды. Ұсыныс қалалық білім бөліміне жіберілді, содан кейін мұғалім жұмысына қайта оралды. Тағы бір өтінішті қарау кезінде Мұнайлы ауданының бір мектебінде директордың мұғалімдерден ақша жинап, оларды міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға тартқаны белгілі болды. Нәтижесінде директор ескерту түрінде жаза алды", - деді Есболат Өмірзақ.

 

Департамент басшысының айтуынша, "Педагог мәртебесі туралы" заң күшіне енгеніне қарамастан, мұғалімдердің құқықтарын бұзуға әлі де жол беріледі. Бұл туралы ақпарат интернетте жиі пайда болады.

 

"Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде "Педагог құқығын бұзуға жол бермеу туралы" бұйрық шығарды. Оған сәйкес, педагогтарды лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрлеріне тартуға, педагогтардан жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті талап етуге тыйым салынады. Сонымен қатар, оларға тауар сатып алу міндетін жүктеуге жол берілмейді", - деді Есболат Өмірзақ.

 

Аталған фактілер бойынша барлық мән-жайлар анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста