Кәсіптік білім берудің маңызы зор!

Елімізде соңғы жылдары техникалық және кәсіптік білім беруге ерекше ден қойылуда. Яғни жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту арқылы қоғамға нағыз қажетті мамандарды дер кезінде даярлап үлгеру және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып отыр. Шын мәнінде бұл мәселелер өте өзекті. Өйткені ел экономикасының қуаты өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуге тікелей тәуелді екені сөзсіз.

 Сондықтан еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру бағытына барынша мән беріліп, оның қолжетімді болуына, қоғам сұранысындағы мамандықтарды дөп басып, сапалы, білікті маман даярлау ісіне үлкен көңіл бөлінуде. Негізі мемлекетіміз 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында техникалық және кәсіптік білім беруге ісіне белсене кірісті. Одан бергі уақытта бұл сала барынша жетілдіріліп, кәсіптік білім беру ісінің жекелеген мәселелері шешілуде. Бұл тұрғыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кәсіптік-техникалық білім бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 мың студент тегін оқиды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасы, ауылдан шыққан балаларға аса мән берілу керек... Жаңа техникалық мамандықтарды таңдаған кезде еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жылдағы қажеттілікті ескеру керек. Бұл үшін Үкімет жаңа мамандықтардың атласын дайындау керек» деген болатын.

 

Жалпы еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыруда кәсіптік білім берудің маңызы жоғары. Осы орайда кәсіптік білім беруде олардың халыққа қолайлы жергілікті жерлерден, аудандардан, шағын қалалардан ашылуы өте тиімді болып отыр. Үлкен қалаға барып оқуға мүмкіндігі жоқ жастар жақын жерден білім алып, кәсіби түрде білікті маманға айналып өзінің өскен өлкесінің кәдесін жарап отырса несі жаман?! Осы орайда Арал қаласындағы индустриалды-техникалық колледжі де осы өңірге нағыз қажетті маманды дер кезінде дайындап, уақыттың тамырын дөп басуға тырысып келе жатқанын атап өту керек. Мәселен Арал теңізінің «Кіші Арал» бөлігін дамытып, аудандағы балық шаруашылығы қолға алынған тұста балық өңдеу кәсібін жолға қою үшін маман дайындауға көңіл бөлінді. Нәтижесінде қаладағы балық өңдеу зауытын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге индустриалды-техникалық колледжінің әлеуеті жетті деуге болады. Қазір оқу орнында арнайы тігінші, техник-технолог, кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері, техник-құрылысшы, электргазымен дәнекерлеуші, техник-электромеханик секілді және тағы басқа саналуан мамандықтар дайындалуда. Өз ауданымызда қоғам сұранысына лайық маман дайындауда индустриалды-техникалық колледжіміз өз қызметін мінсіз атқарып отыр деп айта аламыз.

 

Кәсіптік техинкалық білім беру ісін жетілдіру үшін түрлі қадамдар да жасалуда. Мәселен кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе — дуальды оқыту әдісі енгізілді. Осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуальдау оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады деп күтілген болатын. Дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізді. Әсіресе оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізілуі өз тиімділігін тез дәлелдеді. Нәтиже жаман емес. Қазіргі таңда білім мен тәжірибені қатар ұштастырған мамандар үлкен сұранысқа ие болуда.

Жалпы дуальды жүйенің негізі, артықшылығы  – болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқуы. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату мақсаты болған еді. Бүгінде осы жүйенің арқасында дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайтынына сенім артып келеді. Саладағы жақсы маман дайындауға деген талпыныс өз нәтижесін беруде. Сондықтан кәсіптік білім берудің болашағы зор деп сеніммен айта аламыз!

Алиева Кунзираш Ахметовна, Қызылорда облысы Арал ауданы индустриалды-техникалық колледжінің өндірістік оқу шебері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста