«HUAWEI» сайысында қазақ жастары жеңіске жетті

  • 17
«HUAWEI» сайысында қазақ жастары жеңіске жетті

Қазақстан студенттері «Huawei» компаниясы ұйымдастырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сайысында жүлделі орыннан көрінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шара 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 7-ші байқауға 74 мемлекеттен 120 мың студент қатысты. Ұлттық және өңірлік турлардың нәтижесінде финалға тек қана 146 команда жетті. Қазақстан құрамасы оқ бойы озып шықты.

 

Шынайы эмоциялар мен жеңіске жетуге деген құштарлық. «Huawei» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар байқауы қатысушыларға осындай эмоция сыйлады. Сайыстың соңғы кезеңіне Қазақстаннан 2 команда қатысты. Олар бірінші және үшінші орындарға ие болды.

 

Аида Бегайдарова, «Huawei» байқауының жеңімпазы:

 

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. 74 мемлекеттің алдында Қазақстанның аты шыққан кезде, бұл, әрине, өте керемет сезім. Біз осы сәтке жету үшін көп дайындалдық, бар күшімізді салдық.

 

Азамат Хохлов, «Huawei» АКТ академиясының инструкторы:

 

- Сезімім өте керемет, балалар күні-түні дайындалып, енді жемістерін көрді. Жеңіске жетуге Коляға қызығушылығы, Аидаға табандылығы, ал Айгерімге тәжірибесі көмектесті. 

 

Байқау осымен 7-ші мәрте ұйымдастырылды. Бұл жолы оған дүниежүзіндегі 2000 университеттің 120 мың студенті қатысты.

 

Негізінде олардың барлығы  – оқу орындардың жанында ашылған «Huawei» АКТ академияларының тыңдаушылары. Жыл сайын білім ордасында 200 мың студент тәлім алады. Алдағы уақытта оның санын 5 есеге өсіру жоспары бар.

 

Биыл финалға тек 36 мемлекет пен өңірден келген 146 команда өтті.

 

Сяо Хайцзюнь, Huawei EBG Жаһандық серіктестікті дамыту және сату департаментінің президенті:

 

- Академия мен байқауға қатысу бәріне тегін. Біз үшін ең маңызды нәрсе – ол мамандарды дайындау. Әр елде қазір цифрлы экономика дамып жатыр. Оған техникалық білік керек. Осы байқау арқылы біз әр ел мен өңір үшін көбірек білікті мамандарды дайындауға тырысамыз.

 

«Huawei» елімізде Президент жариялаған 100 мың жоғары білімді IT мамандарды даярлау бағдарламасына қатысады. Компания Қазақстанда 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы ол дүниежүзінің 170 елі мен өңірінде қызмет атқарып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инфрақұрылымы мен «ақылды» құрылғылардың жетекші жеткізушісі ретінде танымал.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 182
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 233
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста