Еліміздегі "архивист” мамандығының діңгегі - ҚазҰУ

Еліміздегі "архивист” мамандығының діңгегі - ҚазҰУ

Биік белестерді бағындырушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылдан бері тарих қойнауынан ойып тұрып орын алып келеді. Қазіргі кезде сан емес, сапа құндылығы жоғарғы бағаланатын заманда университеттің жеткен жетістіктері орасан зор десек қателеспейміз. КазҰУ қай сала болмасын биік белес, тағылымды тарихтың болғанын дәлелдеп келе жатыр. ҚазҰУ-нің осыған дейінгі алған мәртебесі, атқарылған жұмысы, ғылыми жетістіктері қолмен санап жеткізетіндей емес. Тарихының, оқытушылар ғалымдардың кәсіби деңгейінің жоғарылығының арқасында университет жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ие болып отыр. Мәселен, Посткеңестік мемлекеттер арасында әлемнің үздік 200 университетінің қатарына екі ғана университет кіреді, соның бірі осы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық униерситеті екені баршамызға белгілі.

       Әр университетте түрлі бағытта оқытатын өзіндік факультеттер болады. Біздің оқу ордамызда сондай өзінің білім беру дәрежесімен, сан алуан ерекше методикаларымен ерекшеленетін факультеттердің бірі-тарих. Оның ішінде ”архивтану, құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету” мамандығы қазіргі уақытта сұранысқа ие екенін айтқымыз келеді. Еліміздің, халқымыздың тарихи мұрасы ретінде архив құжаттарын айтумызға болады. Дәл осы тарихи деректермен тікелей жұмыс жасайтын мамандар да дәл осы мамандық иесі болып табылады. Аталған ”архивтану, құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету” мамандығы еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ішінде тек ҚазҰУ-да ғана бар. Факультетімізде білікті де білімді профессорлардан білім алып қана қоймай, шетелге барып тәжірбие алмасып қайтуға жағдай жасалынған. Мысалға қарастыратын болсақ, көршілес Ресей мемлекетімен, Польша сынды мемлекеттерге барып білім алуға болады.

       Сонымен қатар, оқу процессінде заманауи жаңалықтармен, тың дүниелермен жақын танысуымызға көмектесетін “Автоматтандырылған архивтік технологиялар” оқу пәнін негізге алып қарастырайық. Әрбір сала жыл өткен сайын өз бетінше даму үстінде, осылайша болашақ архивисттер мен құжаттанушыларды саламызда болып жатқан ерекшеліктерді көрсететін бірден-бір оқу пәні  деп “Автоматтандырылған архивтік технологиялар” пәнін айта аламыз. Дәріскер Алимгазинов К.Ш. және семинарист Нурбатырова Р.Е. сабақ барысынында жаңартылған оқу процессін жүзеге асыра отырып, студенттерге кейс тапсырмаларын, арнайы платформа бойынша тест тапсырмаларын және пікірталас түрінегі сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар студенттердің креативтілік қабілетін арттыру мақсатында қазіргі таңдағы архив ісі саласындағы проблемаларды оңтайлы шешуге және көпшілік алдында жарқын ойлармен бөлісіп, еркін түрде сөйлеуге дағдылыландырады.  “Автоматтандырылған архивтік технологиялар” пәнін тереңірек оқу кез келген осы саламен айналысушы адамға маңызды дегіміз келеді.

      Университет алда талай шыңдарды бағындырып, талай жетістіктерге жетеді-дегенге кәміл сенеміз. Ал тарих факультеті болса қазіргі алып отырған мәртебесінен, «Автоматтандырылған архивтік технологиялар» сынды заман талап ететіндей оқу пәндері де келешекте тек жаңа ақпараттармен толықсып, студенттерге мол ақпарат берері айдан анық.

Өтегенова Гүлжахан Өтегенқызы,

Сарсенбаева Гүлнұр Оралханқызы, Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің

”Архивтану, құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету”

мамандығының 4 курс студенттері 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста