Елімізде аударылған оқулықтардың сапасына жұрт наразы – Мырзатай Жолдасбеков

Бұл туралы Мырзатай Жолдасбеков Астанада Еуразиялық интеграция институты мен Ұлттық аударма бюросы бірлесіп ұйымдастырған «Жаңғыру 3.0: Рухани Жаңғыру» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты, деп хабарлайды, Baq.kz ақпарат агенттігі.

Конференция барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының іске асырылу барысын, аударма теориясы мен практикасының және латын әліпбиіне өтудің өзекті мәселерін талқыланды.

Осы жиын барысында кіріспе сөз сөйлеген Мырзатай Жолдасбеков қазіргі таңда елімізде аударма саласының ақсап тұрғанын, дегенмен Ұлттық аударма бюросының құрылып, жақсы жұмыс жасай бастағанына тоқталды.

Сонымен қатар ол елімізде мектеп оқулықтарының аудармасы сын көтермейтінін айтты.

«Қандай аударма болса да, кім аударса да, қанша сөз, қанша кітап аударса да сапаға баса мән берілуі керек. Қазіргі кезде мектеп оқушылары оқитын кітаптардың, әсіресе аударма кітаптардың сапасы сын көтермейді. Бұл оқулықтарға жұрт наразы» - дейді Мырзатай Жолдасбеков.

«100 жаңа оқулықты» аудару редакция алқасының мүшесі өзінің аударма жасауға мүмкіндігі жоқ екенін, бірақ аударылған оқулықтарға редакция жасап беруге әзір екенін айтты.

«100 жаңа оқулықты» аудару өте бір игілікті бастама болды. Біздің ағылшын тілінен тура аударуға сауатымыз да, мүмкіндігіміз де жоқ. Бірақ аударып алып келген дүниені саралап, сараптап, қазақы түсінігімізге сай етіп редакциялап беруге қай кезде де дайынбыз. Ал барлық кітап аударылып біткен соң, әр оқулықты сала бойынша мамандарға бастан-аяқ қаратып алу керек» - дейді Мырзатай Жолдасбеков.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 2017 жылы аударылуға тиіс 18 кітап толығымен қазақ тіліне аударылып біткен. Енді ол латын әліпбиімен келесі жылдан бастап баспадан шыға бастайды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста