Ел экономикасына қажетті мамандар 1,5 жылда даярланады

Ел экономикасына қажетті мамандар 1,5 жылда даярланады

Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жаңа өндірістерге 10 мыңнан астам маман қажет болады. Білім және ғылым министрлігі оларды магистратура бойынша 1,5 жылдың ішінде оқытып шығаруды ұсынып отыр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, Индустрияландыру картасы аясында экономика мен ғылым арасындағы байланысты 10 университет қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін аталған жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, экономикаға қажетті маман даярлау жұмысын жолға қою қажет. «Осы тапсырмаға орай біз тиісті жұмыстарды қолға алып, 11 жоғары орнын анықтадық. Астанада - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, орталықта - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, шығыста - Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Алматыда - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, оңтүстікте - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ал солтүстікте Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті агроөнеркәсіп, инженирия, жеңіл және химия өнеркәсібі бойынша маман даярлайтын болады. Сондай-ақ Атыраудың мұнай және газ институты өз саласына қажетті маман оқытады», - деп атап көрсетті Т.Балықбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның сөзіне қарағанда, жылдың соңына дейін аталған 11 жоғары оқу орнының ішінен нақты 10 университет таңдалады. Олар мемлекеттік бағдарламаға қатысып, ел экономикасына қажетті мамандарды даярлайды.
«Бұл университеттер жайдан-жай таңдалған жоқ. Біз олардың экономика салаларына географиялық жағынан барынша жақын орналасуына қарай іріктедік. Бүгінде қажетті мамандардың саны да анықталды. Ел экономикасына 10 мыңнан астам маман қажет. Біз келесі жылдан бастап оларды оқытуды бастаймыз. Қазір барлық мамандарды магистратурада дайындауды ұсынып отырмыз. Себебі ол жерде 1,5 жылдың ішінде білім беруге мүмкіндік бар. Демек, олар оқуды 2015 жылда бастаса, екі жылдан кейін жаңа өнідірістерге барып, жұмыс істеп кете алады», - деп атап көрсетті вице-министр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста