Демалыс лагерінде оқушы соққыға жығылған – Алматы облысы

Лагерьге барған бала ауруханадан бір-ақ шықты. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы сауықтыру орнында «баламды ұрып-соқты» деген ана әділдік іздеп шу шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, демалыс орнындағы санитарлық талап өз алдына, тіпті сондағы тәрбиешілер жасөспірімге сес көрсетіп, өзге балаларға ұлын ұрғызған.

 

Соның салдарынан Мұхаметәли Базарғалидың миы шайқалыпты. Ол қазір балалар ауруханасында емделіп жатыр.

 

Дау шыққан мекемеге жеткен ауданның шенеуніктері мен санитар мамандары тексерісті бастамақшы.

 

Үш баланың анасы Сандуғаш Сұлтан қазір әділдік іздеп жүр. Осыдан бір апта бұрын ұлына лагерьге жолдама берілгенде дәл бұлай ауруханадан бір-ақ шығамыз деп ойламадым дейді. 14-тамыз күні Жамбыл ауданындағы «Таулэнд» демалыс орнына кеткен ұлы үш күн өтпестен үйіне әкетуін өтініп жылаған.

 

Сандуғаш Сұлтан, М. Базарғалидың анасы:

 

- 17-і күні кешкі сағат бес жарымда балам телефон соқты, бөтен нөмірден хабарласты. «Анашым» деп менімен қоштасты. «Бүгін менің соңғы өмірім, осымен бәрі бітті», - деді. Енді бала анаға хабарласқан кезде «нені» деп едім. «Анашым, бүгін мені алып кетіңізші» - деп өтінді. Баламды көрген кездегі жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Баланың жағдайы өте нашар болды. Бала әлсіз. Күші жоқ. Көзі деген жасқа толы.

 

Осылайша келіншек ұлын демалыс орнынан кешқұрым әрең алып шыққан. Содан кейін ғана Мұхаметқали анасына іштегі жағдайды бүге-шүгесіне дейін баяндаған. 

 

Сандуғаш Сұлтан, М. Базарғалидың анасы:

 

- Балаға тамақ бермеген. Біреудің қалдық тамағын ішкізген. Іші лас, кір. Ешқандай жағдай жоқ деді. Шағымданатын болсақ, бізді ұрды деді. Жетекшілері өздері ұрмай, балаларға бізді ұрғызды деді. Балалар мені ұрғаны сол себептен деді.

 

Артынша лагерь мен әкімдік қызметкерлері бала мен ананы сол аудандағы ауруханаға апарған. Алайда Мұхаметәлиді тексеріп, «түк таппадық» деген ақ халаттылар оларды кері қайтарыпты. Бірақ Сандуғаш түнделетіп болсын, өзі тұратын аудандағы аймақтық балалар ауруханасына жеткізген. Мұндағы дәрігерлер Мұхаметәлидің соққы алып, таяқ жегенін растап отыр.

 

Есентай Жаңабаев, Алматы аймағы балалар ауруханасының нейрохирургі:

 

- Бізге бала 18-тамызда түскен. Базарғали Мұхаметәли. 12 жастағы бала. Түскендегі жалпы жағдайы  орташа. Бас жарақатын алған. Миы шайқалған. Денесінде соғылған жарақаттар бар. Біз ол баланы диагностика жасап, қазір бала емделіп жатыр. Бүгінде баланың жалпы жағдайы қалыпты.

 

Жамбыл ауданындағы «Таулэнд» сауықтыру орталығы. Есігін жан баласына ашпауды тапсырған қожайыны сол күйі бой көрсетпеді. Ал жағдайды «әлеуметтік желіден көріп келдім» деген халық қалаулысының өзі ішке кіре алмады. Енді бұл жағдайды үкіметте қозғаймын деп отыр.

 

Әлия Әбсеметова, Мәжіліс депутаты:

 

- Өзім де, міне, келіп тұрмын. Интернеттен естіп. Депутаттық сауал жазамын. Бүкіл жүйелі сұрақ. Себебі, бүкіл тек Қарғалыдағы балалар лагері емес, бүкіл Қазақстандағы лагерлерге біздің мемлекеттік тапсырыс бар болатын. Балаларымыз баратын жерге байланысты болып тұр. Соны көтеруіміз керек.

 

Санитарлық талапқа жауап беретін мамандар Сандуғаштың арызын әлі қабылдамапты. Сол себепті олардың да осында келіп, ішке тексеріс жүргізуге құқығы жоқ. Ол үшін жолдама құжаты қолына тиіп, прокуратурадан рұқсат алу керек екен. Ал сыртта сабылып күткен әкім орынбасарының өзі мораторий жарияланғалы, қолымыздан келер шара жоқ деді. 

 

Әділбек Қамбаров, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

 

- Кіруге ... бұл жеке кәсіпкер. Бұл жерде 400ге жуық бала демалып жатыр және бұл іс бойынша аудандық кәмелетке толмаған инспекторлар бойынша іс қозғалды. Сол іс бойынша заңды түрде Сұлтан Сандуғашқа жауабы беріледі, заң жүзінде. Басшысы қазір Алматы қаласында жоқ болғандықтан, телефонмен байланысты.

 

Бұл демалыс орнына шағымданған тағы бір келіншек – Шолпан Рахымжанова. Оның да 10 жастағы баласы осыдан екі апта бұрын қайта келместей болып кетіпті.

 

Шолпан Рахымжанова, Алматы облысының тұрғыны:

 

- 15-тамызда келді. Біз оны күтіп алдық. Көңіл күйі жоқ. Үсті басы кіркір. Арыпжүдеген. «Мен енді ешқашан да ондай жерге бармаймын»  деді. Себебін сұрап едім, біраз үндемей отырып, содан сон айтты: «мені ағай ұрды» деп. Содан ол өзөзін қорғау үшін иығын төсесе, «сен неге қасарысасын» деп, қабырғаға тақап қойып, 15 рет иығынан ұрған.

 

Қазір Сандуғаш Сұлтан Облыстық полиция мен санитарлық бақылау департаментіне арыз жазып өткізді.» Баламды қорлатып қоймаймын» деген келіншек істі аяғына дейін апарамын деп отыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста