Бұдан былай қағазбастылықпен айналысқан мектептерге айыппұл салынады

Бұдан былай қағазбастылықпен айналысқан мектептерге айыппұл салынады

Тиісті шара қолданатын мекемелер бар.
Білім және ғылым министрлігінің 1 сәуірде шыққан бұйрығына сәйкес, білім беру мекемелері ұстаздан артық құжат талап етсе, айыппұл жазасы тағайындалады. Бұл құзірет білім сапасын қадағалау департаменттері арқылы жүзеге аспақ. Қағазбастылық проблемасын бүгін министр Асхат Аймағамбетов аппараттық жиналыста көтерді, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

«1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзіретке ие болды. Олар артық қағазбастылық пен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы тиіс. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты, дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті бақылауымызда ұстаймыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», - деді министр.

Заң бойынша мұғалімдерден төрт түрлі құжат қана талап етілуі тиіс.

«Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар - дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалғаны күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжаттар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек», - деді министр бұл жайында. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста